1522822 Әнші «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген тағы бір жүлдені қанжығасына байлады

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды massaget.kz.

Димаш Құдайберген тағы бір жүлдені қанжығасына байлады

Фото: vk.com

Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі.

Айта кетейік, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды.

Тағы оқыңыздар: Дауысы Қайрат Нұртастан айнымайтын балақай желіні жарды (видео)

Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады.

Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. Аталған шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған еді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 45

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .