1517227 Тұрғындар: Қазақтарды бауырымыздай көреміз | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Өзбекстанға демалуға баруға қамданып жатсаңыз, қандай жайттарды назарға алу керек? NUR.KZ порталы көрші елге бармақ ниеттегі отандастарымызға үшін аз-кем ақпарат бере кетуді жөн санады.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Сонымен, бағытыңыз өзбек ағайындарының елі болды делік.

- Алдымен баратын қалаңыздың климатын мұқият анықтап алыңыз. Оны ғаламтор арқылы оп-оңай білуге болады.

- Көбі шекарадан өту қиынға соғады деп жатады. Себебі кеден қызметкерлері ары-бері өтушілерді әбігерге салады екен деген әңгімені жиі естиміз. Шыны керек, өзбекстандықтардың Қазақстан халқына деген көзқарасы өте жақсы. Сыпайы, бағыт-бағдар көрсетіп те жіберуге дайын тұрады. Демек, сандалтып қояды деген пікір шындыққа жанаспайды.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Қаржыңызды Қазақстан шекарасында ауыстырып алуға тырысыңыз. Сонда ұтылмайсыз. Мәселен, бір төл теңгеміз біздің елде 25 сумға бағаланады. Ал Өзбекстанда оның құны 20-22 сум болады.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Келімбетов күтпеген жерден жаңа қызметке тағайындалды

- Өзбек еліндегі жаңа талапқа сай, шетелдіктерге қонақүйде жату ақысы суммен емес, доллармен қабылданады. Сондықтан да қалтаңызда доллар купюрасы да болғаны абзал.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Ерекше назарға алатын жайт, Өзбекстаннан валюта айырбастау орындарын таппайсыз. Тек «қара базардағы» алып-сатарларға ауыстыруыңызға тура келеді. Ол – сіз үшін таза шығын. Мәселен, бір долларды орта есеппен 8 мың сумға аласыз, ал банкте 3 мың сумнан жоғары. Бір кемшілігі, банктегілердің сізге ақшаңызды ауыстырып беруі екіталай. Егер долларыңыз қалтаңызда болмаса, банкомат арқылы доллар купюрасындағы қаржыны алуға болады.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Айтпақшы, бакномат карточкалары біздің елдегідей кез келген жерде орналаспаған, тек банкте ғана. Оның жұмыс уақытын есепке алыңыз.

- Егер таныстарыңыздан Өзбекстанда киім-кешек арзан дегенді естіген болсаңыз, ол сөзге сене қоймаңыз. Екі ел арасындағы киім бағаларының айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

- Өзбекстандағы тамақ туралы әңгіме тым бөлек. Дәмді әрі арзан. Әсіресе ұлттық тағамы палауды ешбір елде олай дайындай алмайтын шығар. Керек десеңіз, жаңа піскен палауға қалауыңызша тапсырыс та бере аласыз. Әп-сәтте көз алдыңызда дайындап береді. Әрине, шамалы күтуге тура келеді.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Халықпен тілдесу жағынан қам жемеңіз. Олар да біздің елдегідей орысша сайрап тұр. Бірақ бір-бірімен тек өзбекше тілдеседі. Осы тұсын бізге де үйрену қажет-ақ.

- Өзбекстандықтардың Қазақстан туралы ойы тіптен тамаша. «Елдеріңіз бай», «Сіздерде жалақы көп, иә?», «Қазақстанда халықтың жағдайы жақсы ғой»... Міне, өзбек ағайындарымыз Қазақстан туралы осындай пікірде. Мақтағанды кім жақсы көрмейді дейсіз? Кәдімгідей марқайып қаласың. Бірақ, ол үшін мәрттік танытудың қажеті жоқ.

- Бір қызығы өзбек ұлты қазақтарды бауырындай көреді. Тіпті мінез-құлықтарында ұқсастық бар деп есептейді екен.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Ташкент – Өзбекстанның астанасы болғанына қарамастан жолдары тіптен нашар. Көлікпен қаланы бір аралап шығамын дегенше, ішкен-жеген тамағыңыз қорытылып кетеді...

- Саудагерлері, әсіресе таксишілер мүмкіндігінше жолаушының қалтасын қағып қалғысы келеді. Тіпті түрлі мысалдар келтіріп, көбірек ақша «сындырып» қалудың амалын жасайды.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Тек қана такси жүргізушілері ғана емес, тарихи-мәдени орындары, яғни, туристік нысандарында да туристерден көбірек қаржы табудың жолы қарастырылып қойған. Мәселен, Самарқандтағы Ресистанға шетелдіктер үшін кіру ақысы шамамен 55 мың сум, өзбекстандықтар үшін небәрі 2 мың сум ғана. Ал ішінде көне тарихты еске түсіретін құндылықтарды табу қиын. Бөлмелері сауда орындарына айналып кеткен. Ал Шахи Зинда мемориалды кешені мен Ұлықбек кесенелері секілді өзге нысандарынан алар мағлұмат көбірек.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе әкімі қызметтік көлігімен анасын тасыған шенеунікті жақтап шықты

Айтпақшы, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов Шахи Зинда кешеніндегі мазаратта жерленген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм жатқан мазаратта Каримовтың құрметіне кесене салынбақшы екен. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Бұл мазаратта өзге де қарапайым тұрғындар жерленген. Бір қызығы, бұл орын тура бір аллея секілді, аяқ жол, жасыл желек, гүлдер...

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Ташкенттің мұнтаздай тап-таза екенінде сөз жоқ. Дегенмен көлікте кетіп бара жатып терезеден қоқысты сыртқа лақтыру салу – өзбекстандықтар үшін қалыпты жағдай. Ал бізде ондайларға айыппұл салынады.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

- Егер бірнеше қалаларына сапарлайтын болсаңыз, пойызбен жүріңіз. Жылдам, ыңғайлы. Мәселен, Самарқандқа пойызбен екі сағатта жетсеңіз, таксимен төрт сағат уақытыңызды жұмсайсыз.

- Такси қызметін тұтынарда сақ болмасаңыз, қалтаңыз әбден қағылуы мүмкін. Егер такси жүргізуші өз қызметіне 10 000 сум ұсынса, ол бағаны 5000-6000, тіпті кейде баратын жолыңызға қарай 3000 сумға дейін түсіруге болады. Тек қана такси үшін ғана емес, қандай да бір зат алғыңыз келсе де дұрыс саудаласа біліңіз.

Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Саудагерлер шетелдіктерге ғана емес, өз жерлестеріне де бағаны бірнеше есе қосып айтады екен. Ал жергілікті сатып алушылар әбден үйреніп қалған, саудаласып тұрып алады. Қысқасы, саудаласа біліңіз.

Дереккөз: Nur.kz
Мақалада: Эксклюзив Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 101

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .