1510795 Журналист: Ол кісіні олай ғайбаттайтындай сендерге кім рұқсат берді?! | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі журналист Бибігүл Төлегенованы сынағандарды жауға теңеді

Белгілі журналист Бибігүл Төлегенованы сынағандарға жауап берді. NUR.KZ порталы Бибігүл Дəулетбекқызының әлеуметтік желідегі жазбасын сол күйінде назарларыңызға ұсынады.

Белгілі журналист Бибігүл Төлегенованы сынағандарды жауға теңеді

Бибігүл Төлегенова. Фото: expoandwomen.com

"Бибігүл апамыз Қайратқа сын айтты деп, неге мына жұрт әншімізді жерден алып, жерге кіргізіп жатыр. Түсінбедім. Алжыған, қақпас деп жазып жатқан пікіршілерге айтарым:  Сонда сендер кімсіңдер?! Айтыңдаршы?! Біле білсеңдер, Бибігүл Төлегенова - қазақтың бұлбұлы, өнердің дүлдүлі! Әнші апамызды сөз ететіндей қандай дәрежеге көтеріліп едіңдер? Ұялсаңдар нетті?! Мен сендердің мына пікірлеріңді оқып отырып, жерге кіріп кете жаздап, ұялудамын. Намыстанып отырмын осындай қазақтардың барына. Рас айтам. Сендер нағыз жаусыңдар.

"Жә, жарайды, әншіміз сын айтыпты. Бірақ, ол кісіні олай ғайбаттайтындай сендерге кім рұқсат берді?! Ақ шашын сыйламайсыздар ма? Сексеннен асқан, тоқсанға жақындаған апамызды жерге ұратындай бұлар кім еді?!  Сөзім таусылып отыр. Аты аңызға айналған, кезінде 15 Республиканы ауызына қаратып, дүние жүзіне бұлбұл дауыс иегері атанған әншімізді бір ақ күнде жерге ұрып тастады. Гүржі әншісі Вахтанг Кикабидзе де өз елінің әншілеріне сын айтады, керек десе ұрысып та алады. Бірақ, дәл біздің халық секілді ол кісіні ешкім қараламайды. Қайта сыннан нәтиже шығаруға тырысады.

Тағы оқыңыздар: Қарақат пен Қыдырәлі ашқан алаңға астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)

Доғарыңдар, Бибігүл апамызды қорлауларыңды! Өзге елге күлкі болмай, жайларыңа қарап, тыныш отырыңдар. Айтса, төрелігін айтты. Ол кісі өз маманының кәсіби өнер иесі. Бұл жерде журналистің де қателігі көрініп тұр. Отқа май құйып, бұлбұл әншімізге мұндай сұрақ қоймауы керек еді. Ал Қайраттың анасы келесі жолы әрбір сөзіне мән беріп, абайлап сөйлеу керек. Айтылған сөз - атылған оқпен тең. Димашпен салыстырған өзі. "Қайрат Димаш секілді шыңғырып ән айтпайды" демей, "жоғары нотада ән айта алмайды" десе болатын еді ғой. Гүлзира ханымның сөзінен сарказмды байқауға болады.

Бибігүл әншімізді сұхбатында қозғамау да керек еді. Осы сөзі үшін де Бибігүл апамыз ренжіген болуы керек. Сондықтан да, халыққа айтарым, келесі жолы пікір жазар алдында, он ойланып, тоғыз толғанып барып сындарыңызды жазыңыздар. Әр сөздеріңізге абай болыңыздар! Димаш - 21 ғасырдың бұлбұлы, ал, Бибігүл апамыз дара тұлға. Тарихта қалатын қос әншіні бағалайық! Әріптестеріме айтарым, Димашты әркіммен салыстыруларыңды қойыңдар! Салыстыруға келмейтін нәрсе. Қайталап айтам, өттерің жарылып кетсе де, Димаш - дара әнші! Ал, бұлбұл дауысты әншіні әр жерге орынсыз тықпалай бермеңдер!", - дейді журналист.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайрат Нұртастың жер мен көктей айырмашылығы бар екенін айтқан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 316

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .