Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық журналист "біреуді" мақтап жазбағаны үшін жұмысынан қуылды

Опубликовано:

Ақтөбелік журналисті "біреуді" мақтап жазуға келіспегені үшін республикалық газеттегі жұмысынан қуған. Белгілі интернет-журналист Асқар Ақтілеу осыдан жеті жыл бұрын "Айқын" газетінің меншікті тілішісі қызметінен қуылу себебін ашық айтты деп хабарлайды kerek-info.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"2010 жылы “Айқын” газетінің меншікті тілшісі боп жүрген кезімде басшымыз екі рет жұмыстан шығарып жіберді. Ойымда ешнәрсе жоқ. Алматыға семинарға барып жүргенімде сотқа арыз жазып кеттім. Жеті ай бойы оппозициялық газеттерді хабардар етіп отырдым. Өзіме жасалған қысастық туралы ашық айттым. Сол жылы бір ағай звондап, “сені қазақ газеттеріне енді жолатпаймыз” деген болатын. Көп уақыт өтпей Срайыл Смайыл ағамыз хабарласып, “Жас қазаққа” жұмысқа шақырды. Сол газетте біраз уақыт жұмыс істедім. “Қазақстан темір жолы” газетіне 10 жылдан бері штаттан тыс тілші ретінде материал жазып жүргенмін, кейіннен жұмысқа қабылдандым.

Өлген адамның артынан жаман сөз айтуға болмайды дейді. Ол кісі сол кезде Журналистер одағының төрағасы болатын. Біраз адамдарға тиісіп жүрді енді. “Біреуді мақтап жаз” дейді. Мен келіспеймін. Содан текетірес бас-талды. “Әділ сөз”, “Құқықтық” медиа орталық, “Түркітілдес журналистер қорының”, шетелдік, халықаралық ұйымдардың біразына мүше болғаныммен, Журналистер одағына мүшелікке кірген емеспін. “Кірмеймін” деп айттым. Төрағасы кім екенін, істеп жатқан жұмысын көрмеген соң, не үшін кіреміз?!", - дейді ол.

Интернет-журналист отандық блогерлердің істеп жүрген кәсібі туралы да өз ойымен бөлісті. Ол тапсырыспен жамандап, мақтайтындардың әрекетіне қарап, бойын блогерліктен аулақ салыпты.

"Өзімді блогер деп санамаймын. Мен білетін блогердің істеп жүрген кәсіптерін қарасаңшы?! Тапсырыспен жамандайды, тапсырыспен мақтайды. Ақшаға пікір қалдыру шығып жатыр. Қазақстандық блогерлердің деңгейін Ресей, Украинамен салыстыруға келмейді. Біздікілердің амбициясы мықты. Жұртты өзінен төмен санайды, мазақ қылып отырады. Өткенде қай блогер қанша ақша алатыны туралы ақпарат шықты. Ең азы 500 доллар алады екен. Осыдан кейін өзімді ешқашан блогермін деп санамайтын болдым. Мысалы, Әлішер Елікбаев – жақсы блогер. Саясатпен шаруасы жоқ. Аңсаған Мұстафа өзінің кәсібін жүргізіп отырған блогер. Ойлары тұрақсыз блогерлер көп. Енді олардың ішіне кіріп-шықпаймыз ғой", - деп сынайды ол желіге тұрақты жазба салып тұратын блогерлерді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бизнесмен бай қазақтар үшін Мальдив аралынан салтанатты шипажай ашты (фото)

Елдің сынына ұшыраған астаналық жаңа VIP-терминал 60 млрд теңгеге салынған (фото)

БҚО-да мүгедек-спортшыға пәтерді кезексіз берген шенеунік жұмысынан қуылмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1485421-aqtobelik-zhurnalisti-bireudi-maqtap/

pixel