Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Опубликовано:

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек батыс аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Казгидромет.

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кейбір аймақтарында жел 18-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, таңертең және күндіз Жамбыл облысында желдің екпіні 25 м/с болып, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Қызылорда, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының түнде топырақ беткейінде үсік күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өте жоғары өрт қауіпі бар.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертен жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +4+6, күндіз +12+14°С болады.

Алматы қаласы: бұлтты, жаңбыр жауады,күндіз жаңбыр қатты жауады,найзағай болады. Батыстан жел соғады 3-8 м/с, екіпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +14+16°С болады.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Биыл елімізде үй бағасы 10-12% арзандайды

Атақты Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевпен бірге ән айтуы мүмкін (фото)

Павлодарлық полицей жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1479014-elimizdinh-basym-boliginde-zhauyn-shashy-7/

pixel