1477978 Қалалық әкімдік заңсыз афиша ілгендерді таба алмай жатыр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Мәдениет және шоу-бизнес

Оралда Төреғали концертінің жарнамасын қоқыс жәшігіне іліп кеткен

Оралда Төреғали Төреәлінің концертін ұйымдастырушылар табылмай жатыр. Қалалық әкімдік жарнама парақшаларын заңсыз ілгендерді бір аптадан бері іздестіруде. Бұл туралы Время газеті хабарлайды.

Оралда Төреғали концертінің жарнамасын қоқыс жәшігіне іліп кеткен

Заңсыз ілінген афишалар. Фото: time.kz

Қаладағы  архитектура бөлімінің мамандары концертті өткізетіндермен байланыса алмай әлек. Ал қалалық әкімдіктен телефон шалғанын естіген олар тұтқаны қоя салады екен.

"Төреғалидің суреті бейнеленген афишалар әр қадам сайын тұр. Аулада, аялдамада, тіпті, қоқыс жәшігінде де жапсырылған. Мұның бәрі заңсыз жасалып отыр. Бұл бассыздық! Афишаны ілуге арналған арнайы тумбалар мен билбордтар бар емес пе?" дейді қалалық архитектура бөліміні маманы Ирина Вайдиева.

Ұйымдастырушылармен тілдесе алмай, амалы құрыған соң оларды концерт кезінде тауып алуға бекінген. Бүгінде олар заңсыз ілінген әрбір афиша үшін 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі қытайлық компанияның жұмысшылары өздерін құл ретінде жұмсайтынын айтты

ОҚО-да күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған бес балалы ана сотталып кетті

Алматы облысында үш жігіттің көлігінен аяқ-қолы байлаулы адам табылды (фото, видео)

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 20

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .