Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызайдың" жарық жұлдыздары

Опубликовано:

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған I Республикалық Спартакиада мен «Жұлдызай» XII шығармашылық фестиалінің нағыз қызған кезі. Жарыс, уайым, толқу, сенімсіздік, балалардың жеңіске деген үміті.

Қазақстанның 13 қаласында фестивальдың іріктеу кезеңі өтті, жобаға қатысу үшін 6500 бала өтініш білдірді, ал олардың арасынан 2000-ға жуық жас дарындар бірінші іріктеу кезеңінде сахнада өнер көрсетті. Жас дарындарды іріктеу 6 номинация бойынша өтеді: вокал, ымдау, аспаптық орындау, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер. 1000-ға жуық бала мини-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және «асық ату» спорт түрлерінен жарысты.

Атырау қаласынан фестивальға қатысушы Бекзада Аскарова өз алған әсерімен бөлісті:

- Мен Ғабит Мүсірепов атындағы №5 мектептің 8-класында оқимын. «Жұлдызай» фестивалі туралы «Young stars» ансамблінің көркемдік жетекшісінен білдім. Тыныш апай «Туған жерім тағдырым» әнімен байқауға қатысуға ұсыныс білдірді. Маған фестивальға қатысқан ұнайды, өйткені осы жерде мен өз шығармашылығымды көрсетіп, жетістікке жете аламын.

Лариса Аскарова, жас әнші қыздың анасы:

"Біздің бес қызымыз бар. Үлкендерінің дендері сау, ал егіз Бекзада мен Айзада ауыр патологиямен туылды. Бекзаданың құлағының ақауы бар, қиындықпен сөйлейді, қалыпты тамақ та іше алмайды. Ол ақылды, өте талантты. Суретті жақсы салады, ағылшын тілін үйренуде, компьютерді де меңгеріп алды. Біздің клиникаларда оны емдейтін мамандар жоқ, ал шетелде емделуге мұндай қаражат жоқ. Десе де біз бұл қиындықтарды қалай да жеңіп, бір күндері оның арманын орындай алатынына сенемін".

Дәстүр бойынша фестивальді танымал әртістер қолдайды, биылғы жылы Атырау мен Ақтау қалаларында жобаны танымал әнші Ардақ Әлекешев қолдады:

"Биылғы жылы мен "Жұлдызай" фестивалінің аймақтық іріктеу кезеңіне қазылар алқасы ретінде алғаш қатысып отырмын. Балалардың өнерлерін көріп қатты таңғалдым, барлығы да шығармашыл балалар. Қиындықтарды жеңіп, өз мақсаттарына жетулерін тілеймін. Мен оларға сенемін."

Фестиваль сахнасындағы әрбір нөмір, әрбір бала – бұл өз алдына бөлек оқиға, әрбір концерттік нөмір – бұл жас бүлдіршіндердің, олардың ата-аналарының, ұстаздарының, ұйымдастырушылар мен бұл қорды қолдаушы құрылысшылардың үлкен жеңісі!

Фестиваль дәстүрлі түрде 2005 жылдан бастап облыстық білім беру басқармаларының қолдауымен Астана қаласында өтіп келді. Бірақ осы жылы алғаш рет Алматы қаласында өтеді. Спартакиаданың финалы Алматыда 30-31 мамырда, ал 1-шілдеде Республика сарайының сахнасында – "BI-Жұлдызай" шығармашылық фестивалінің Гала-концерті болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1469632-zhuldyzaydynh-zharyq-zhuldyzdary/

pixel