Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түсіп, желіде қазір өмірі үшін күресіп жатыр деген ақпарат тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әншінің фанпарақшаларының бірінде айтылды.

"Достар, бауырлар! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады. Не себепті екені әлі белгісіз, Ернардың қазіргі жағдайы да құпия сақталып жатыр.

Бар білгеніміз, қазіргі уақытта өмір үшін күресіп жатыр! Өзгеріс немесе жаңалықтарды осы парақшаға салатын боламыз. Амандығы мен саулығы үшін дұға етейік", - деп жазылған парақша жазбасында.

Әншінің менеджері Әйгерім бұл ақпаратты растап отыр. Оның айтуынша, бүгінде оның қай ауруханада жатқаны туралы ақпарат жоқ. Сонымен бірге, оның денсаулығына қатысты да ешқандай пікір айта алмайтынын жеткізді.

Оның берген мәліметіне сәйкес, оған ота жасалған, қазіргі таңда Алматы қаласындағы аураханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.

Желі қолданушылары оның аман-есен сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, дұға етуде.

Айта кету керек, бұдан бір күн бұрын ол Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына жол тартқан болатын.

Ол желіге жолда түскен суретін жүктеп, өзін күтіп отырған әпкесіне гүл апара жатқанын көрсеткен.

"Ақмарал апау мен жолға шықтым. Қуырдақ дайын ба?", - деп жазған болатын әнші.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Санавиация орталығы бас директорының орынбасары 2 млн теңге парамен ұсталды (видео)

Ренат Баситов елімізге белгілі жазушыны танымай, ұятқа қалды

Астаналық азамат бәйбішесінің рұқсатымен өзінен 20 жас кіші қызға үйленді (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1464702-ernar-aydar-zhanturshigerlik-zhol-apaty/

pixel