Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-депутаттың әйелі киіп тастаған 250 мың теңгелік көйлекті дүкенге кері қайтарған (фото)

Опубликовано:

Мәжілістің әкс депутаты Қайрат Сәдуақасовтың әйелі Ұлболсын Есенбекова 250 мың теңгелік қымбат көйлекті қызы киіп тастағаннан кейін дүкенге кері қайтарған. Дүкен иесі - тележүргізуші Динара Сәтжан. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Время»  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш көйлекті халық қалаулысының қызы сұлулық байқауына киген. Содан кейін киім дүкенге кері қайтарылғанын сатушылар тек бірнеше күннен кейін байқапты. Енді киіліп тастаған көйлекті қайта сату мүмкін емес. Бұл туралы басылымға Динара Сәтжан баяндады.

«Біздің бутикке бір әйел қызымен бірге танымал дизайнер Наиль Байкучуков тіккен кешкі көйлектердің бірін киіп көру үшін келді. Қызға бәрі ұнағанымен, анасы өзге көлейтерді де көруді қалады. Бір-екі күннен кейін әйел жалғыз өзі қайта келіп, бұл көйлекті өзге қызына сыйлағысы келетінін алға тартты. Алайда екінші қызы шетелде болғандықтан, киім қаншалықты дәл болатынын білмейтінін айтты. Ол көйлектің дәлдігін тексеру үшін үйіне алып кетуге рұқсат сұрады.

Одан бөлек Әсем Нұрсейітова жасаған диадема мен алқаны таңдап, барлығы 245 мың теңгенің затын алып кетті. Мен көйлектің ақшасын қалдырып кетсе, алуға болатынын айттым. Егер шақ болмаса, көйлекті кері қайтара алады деп келістік. Ақыры ол көйлекті тек келесі кеште алып келді. Көйлек шақ болмағанын алға тартып, ақшасын алды да, кетіп қалды.

Кейін Назарбаев интеллектуалдық мектебінде болған байқаудан фотолар желіге тараған. Ондағы қатысушылардың бірі Miss NIS-2017 дәл сол қайтарылған көйлекті киіп жүргені анық көрінеді. Ол тек өлшеп көруге алынған көйлекпен байқауда жүрген", - дейді Динара Сәтжан.

Есенбекованың өзінен пікірін білу мүмкін болмады. Дегенмен басылым редакциясына өзін Қайраттың ағасы ретінде таныстырған азамат хабарласып, болған жайтты баяндаған.

"Бұл жерде ешқандай заң бұзылмаған. Біз көйлекті сатып алдық. Ол біздің мүлікке айналды. Мен оны қыздарыма киюге рұқсат бере аламын. Байқау кезінде біз оның қызымызға шақ еместігін байқадық. Тіпті оның бізге дейін де киілгені белгілі болды. Сол себепті, кері қайтаруды ұйғардық. Сатып алған затты киюге рұқсат сұрауым керек пе? Оны қайтаруға да құқым бар. Көйлекті қайта алды. Біз көйлекті алғаннан кейін оның еш жері бүлінбеген. Бізді бұл жаңа көйлек деп алдап соқты. Көйлекті киіп тастаған, іші бірнеше жерден жыртылған, тігісі кеткен. Бәлкім бұл көйлекті бірнеше рет сатқан шығар", - деді ол.

"Время" басылымының рұқсатынсыз ақпаратты көшіріп, пайдалануға болмайды.

Сол арада Динара Сәтжан бұл жағдайда не істеу керектігін білмейтінін алға тартты.

"Көйлекті, диадеманы және алқаны сұлулық байқауында әбден киіп болғаннан кейін бәрін кері қайтарып, ақшасын алып кету. Бұл қалай аталады? Әсіресе әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұрған заманда. Маған сіздің ойыңыз қызық болып тұр. Меніңше көйлек те, алқа мен диадема да оған дәл болды. Экс-депутаттың сатып алуға, киюге, кері қайтаруға құқы бар болып тұр", - деп жазған өз желі парақшасында Динара Сәтжан.

Тележүргізуші бұл жайтты дабыра қылмай, алдымен мән-жайды экс-депутаттың өзіне айтуды ұйғарған. Алайда бұл нәтиже бермепті.

"Қоғамның талқысына салу менің стилімде емес. Сол себепті, келесі күні мен экс-депутаттың өзімен сөйлестім. Ол маған "шақ келмеді, ұнамай қалды" деп қысқа қайырды. Олай болса, сенбілік үй жинауға шаңсорғышты, бір аптаға теледидарды, тойға әшекейлерді сатып алайық та, пайдаланып болғаннан кейін кері қайтарайық. Әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұрған заманда қыздарыңызды мұндай ыңғайсыз жағдайға қалдыру - сараңдық әрі ақымақтық. Бұл экс-депутат үшін кішігірім дүние болса, біз үшін бизнес. Біз көйлекті жалға беретін салон емеспіз", - деп күйінді Сәтжан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Көп балалы отбасылардың жәрдемақысы депутаттардың жалақысынан 100 есе аз болып шықты

Жалақысының 1 миллионға көтерілгенін естіген депутаттар қатты қуанды

Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1461953-eks-deputattynh-ayeli-kiip-tastaghan-250-m/

pixel