1450311 Көпбалалы ана: Құдай сақтап, күндіз құлады. Ішінде ешкім болған жоқ | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Семейдің Шығыс кентіндегі саяжайда тұрып жатқан Кахармановтар отбасының жағдайы жаға ұстатарлық. Жеті баласы бар ерлі-зайыптылар қабырғасы қаусап, бір-ақ күнде опырылып түскен баспанада тұрып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде тұрып жатыр . Фото: NUR.KZ

Аягөз қаласынан қоныс аударған көпбалалы отбасы талай жыл жетім бұрышты жағалап жүрген. Бұл арқаларына аяздай батқандықтан, 2010 жылы жаздық саяжай сатып алаған екен. Алайда, бағбандық жерге баспана тұрғызуға тапқан-таянған ақшалары жетпеген. Амалсыз, жаздық үйдің сыртын қаптап, алдынан екі бөлме қосыпты.

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Әйтсе де, іргетасы отырған баспана жығылғанға жұдырық болып отыр. Бүгінде ас бөлмесінің бір жақ қабырғасы түгелдей құлап қалған.

«Құдай сақтап, күндіз құлады. Ішінде ешкім болған жоқ. Өзіміз осы екі бөлмені ит тірлікпен әрең қосқанбыз. Оның өзінде қаржымыз жетпей саман кірпіш алуға тура келді. Ол арзан болғанымен, дым тартса шыдамайды екен. Енді, не істерімізді білмейміз. Қалған бөлмелеріміз де құлай ма деген үрейдеміз. Әзірге, ас бөлменің есігін жауып қойдық», - дейді көпбалалы ана Динара Алпысбаева.

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Бүлінген баспананы қайта қалпына келтіруге қаражат қолбайлау болып тұр.Сондықтан өлместің күнін кешіп отырған отбасы аядай бір бөлмеге тығылуға мәжбүр. Ал, туыстары болса көмек қолдарын соза алмайтындықтарын ашып айтқан.

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

«Балаларымның үлкені 12 жаста. Ал, кішкентайым 1 жасқа толды. Әзірге өзім күміс алқа иегерімін. Мемлекеттен көпбалалы ана ретінде 15 мың теңге аламын. Жолдасым бір мекемеде отжағушы болып жұмыс істейді. Айына 32 мың айлық алады. Тапқан ақшамыз балаларымыздың киім кешегі мен күнделікті тамағынан артылмайды»  ,- дейді көпбалалы ана Динара Алпысбаева.

Енді, қалың бұқараның арасынан қолдау көрсететін атымтай жомарт азаматтарға алақан жаюда. Көпбалалы отбасының үмітіне серік қосам деушілер болса, мына байланыс телефонына қоңырау шала алады: 87477944046

Тағы да оқыңыздар:

101 жастағы қазақстандық актриса Skype қолданып, елдерді ұшақпен аралап жүр

Қазақша киіммен майысып би билеген 86 жастағы әжей жұртты сүйсінтті (видео)

Головкиннің соққысын беретін "қасиеті" бар көже сатқан келіншек желіде хит болды

Күйеуінің алып питонға жем болғанын әйелі БАҚ таратқан суреттер мен видеодан бір-ақ білген 

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 11

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .