Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең кішкентай адам Гиннес рекордтар кітабының бас редакторын таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Әлемдегі ең кішкентай адам, 72 жастағы—Чандра Бахадур Данги (Chandra Bahadur Dangi) Непалда өмір сүреді. Оның бойының ұзындығы 54.6 см. Сондай-ақ, Чандра әлем танитын ең жасы үлкен кішкентай жан деп хабарлайды loveopium.ru  сайтына сілтеме жасап  NUR.KZ.

Жаңа рекордты тіркеу үшін Гиннес Кітабының өкілдері Лондоннан Катмандқа ұшып барып, ресми түрде Чандраның бойын өлшеген.

Процедураға сай, Непалдық рекордшыны 24 сағаттың ішінде 3 рет өлшеген.

Бір кездері барша әлемге танымал болған ең кішкентай адам рекорды Үндістандық Гуль Мохаммедке тиісті болған, оның бойы - 57 см. Абсолютті рекордың жаңа иесі одан 2.4 см кіші.

Чандра Бахадур Данги 72 жыл бойы Катмандудан 400 км қашықтықта орналасқан непалдық кішкентай ауылда өмір сүрген. Оны жергілікті ағаш дайындаушы көріп қалып, БАҚ өкілдеріне хабарлаған.

Чандра өмір сүретін Непалдық ауыл

Өркениеттен алыс ауыл көрінісі

Бахадур Данги бес бауырымен өмір сүреді, олардың бойында ешқандай ақау жоқ. Бауырларының күнкөрісі киім тігу.

Бірақ, ол өзінің рекордшы атанған жаңа статусы өміріне жақсы әсер етеді деп ойлайды. Чандра өзін отбасы құруға кәрі деп санайды. Әлемді аралау арманы болған кішкентай жан, енді бұл қалауын да жүзеге асыра алады.

72 жыл өмірінде Чандра Бахадур Данги ешқашан дәрігердің алдына бармаған. Сол себепті, бірінші кезекте дәрігер тексерісінен өткісі келеді.

Гиннестің рекордтар кітабының бас редакторы таңданысын жасыра алар емес: "Біз рекорд орнатылып қойды деп жүргенде, күтпеген жерден Чандра мырза шыға қалып, ресми тіркелгендерден де кішкентай бойымен бізді таң қалдырды", - дейді.

Ресми құжаттарға қол қойып жатыр:

Тағы да оқыңыздар:

101 жастағы қазақстандық актриса Skype қолданып, елдерді ұшақпен аралап жүр

Қазақша киіммен майысып би билеген 86 жастағы әжей жұртты сүйсінтті (видео)

Головкиннің соққысын беретін "қасиеті" бар көже сатқан келіншек желіде хит болды

Күйеуінің алып питонға жем болғанын әйелі БАҚ таратқан суреттер мен видеодан бір-ақ білген 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1450236-alemdegi-enh-kishkentay-adam-ginnes-rek/

pixel