1421872 Мешіт имамы мәзһабқа "қарсы келген" тұрғынға 100 мың теңге айыппұл салған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Маңғыстаулық азамат мешітте "әумин" деп айтқаны үшін дауға қалды

Жаңаөзендегі мешіттің бірінде айқай-шу шықты. Намазға жығылғандардың бірі «әумин» деп дауыстап айтқаны үшін, сот оны 113 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр етіпті.

Маңғыстаулық азамат мешітте "әумин" деп айтқаны үшін дауға қалды

Көренкі сурет. Фото: IslamDag

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады деп жазады halyknews.kz.

Жергілікті имамның айтуынша, жамағат дауыстап «әумин» десе, Ханафи мәзһабының дәстүрін «бұзатын» көрінеді. Осыған шамданған имам әлгі жігіттің үстінен сотқа шағым түсіріпті.

Бұл іс сотқа дейін жетіп, «тәртіп бұзушыға» 50 АЕК бойынша 113 мың теңге айыппұл салған. Бұл мәселе  Азаматтық Кодекстің 490 бабы, 2 тармағында қарастырылыпты. Әзірге, шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір «жапа шеккен»жігіттің құқығын қорғауды белгілі адвокат Ғалым Нұрпейісов қолына алды. Оның айтуынша, бұл абсурдты нәрсе ғана емес, «Діни қызмет туралы» заңды белшеден басу көрінеді.

«Мұндай жағдайдың қауіптілігі сол – діни қызметкерлер мемлекеттің әкімшілік күшін пайдалана отырып, мешіттер мен шіркеудегі адамдарға өзін қалай ұстауды тықпалап жатыр», – дейді адвокат.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысының тұрғыны ауласына кіріп кеткен төрт жастағы баланы атып тастады (фото)

Ақтөбеге Қарақалпақстаннан келген төрт балалы әке педофил болуы мүмкін

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі өзіне сын айтқандарды "мәмбет" деп атады (фото)

Назарбаев пен Путин жексенбіні Алматы маңындағы тау-шаңғы саяжайында өткізді

Әйгілі актриса "Оскар" жүлдесіне іш киімсіз келді (фото)

Дереккөз: Nur.kz
Мақалада: Религия Ислам

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 46

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .