1418049 Сарапшылар теңгенің нығаюы үй нарығына өзгерістер әкелетінін айтып отыр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Елімізде үй бағасы айтарлықтай арзандауы мүмкін

Ұлттық валютаның нығаюы Қазақстанның тұрғын үй нарығына айтарлықтай өзгерістер алып келеді деп күтілуде. Сатып алушылардың белсенділігі артуына байланысты баспана бағасы айтарлықтай арзандауы мүмкін.

Елімізде үй бағасы айтарлықтай арзандауы мүмкін

Көрнекі фото

Бұл туралы Homsters.kz порталының сарапшылары хабарлап отыр деп жазады Skifnews.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері доллардың теңгеге шаққандағы құны 9 пайызға немесе 28 теңгеге төмендеп, 341-ден 314 теңгеге дейін жеткен. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда ақшасын АҚШ валютасымен жинап отырған қазақстандықтар жалма-жан жылжымайтын мүлік сатып ала бастайды.

"Валюта бағамының құбылуының жылдам болып жатқаны соншалық, тұрғын үй нарығындағы бағаларға әсер етіп үлгермей жатыр. Тиісінше, үй бағасы өзгеріссіз. Ал, үй алуға ақшаны доллармен жинап отырған қазақстандықтар жинағының құнсызданып бара жатқанына алаңдап, енді дереу үй ала бастайды. Мәселен, былтыр желтоқсан айында 50 мың доллар 17 миллион теңге болса, қазір 16 миллион теңгеге дейін арзандап кетті. Ал, баспана бағасы болса әлі өзгерген жоқ", - дейді Homsters.kz порталының серіктес сарапшысы Мария Рен.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жылжымайтын мүлік нарығында бағалар айтарлықтай төмендейді. Өйткені, екінші деңгейлі нарықтағы үй сатушылары әліге дейін доллармен есептесіп отыр.

"Кейбір сарапшылардың пікірінше, теңге бағамы жыл соңына дейін долларға шаққанда тағы нығайып, 1 доллар 290 теңгеге теңесуі мүмкін. Сондықтан, мұны ескерген сатып алушылар дәл қазір жаппай үй ала бастайды", - дейді Рен.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Шыңғыс ханды қазақ деп жүргендерді сынға алды

Дінтанушы Ұлттық пантеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдерінің бірге жерленгеніне ашынды

Келіні мен туған ұлынан таяқ жеген кейуана Сапарбаевқа жылап келді (фото)

Исекешов Қазақстанды "Бораттың елі" деп кемсітетін шетелдіктерге жауап берді

Тойдағы әнші қыздың әрекетін желідегілер сөгіп тастады

Дереккөз: Nur.kz
Мақалада: Жилье Цены

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 11

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .