Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хунза халқы 120 жыл өмір сүрудің құпиясын ашты

Опубликовано:

Хунза халқының денсаулықтарында еш уақытта ақау болмайды. Қатерлі ісік жайында мүлдем хабарлары жоқ олар 120 жылдай өмір сүреді деп жазады qamshy.kz.

Бұл халықты үлкен цивилизацияға жатқызбасақ та, басқа елдерге қарағанда барлық жағынан ерекшеленеді. Олар Гималай шыңында өмір сүретін хунза халқы. Кашмир, Үндістан және Ауғанстан мемлекеттерімен шекаралас Хунза елінде 30 000 адам тұрады.

Бір таңқаларлығы, хунза халқы 120 жасқа дейін өмір сүреді екен, кейбірі, тіпті, 145 жасқа дейін барады. Әйел адамдар 60 жастан соң да бала көтере алады. Ал, қатерлі ісік деген ауру бұл елде атымен жоқ. Бұл мүмкін бе? Мүмкін болса, халықтың ұзақ өмір сүруінің себебі неде?

«Ішімізге не барса, сыртымыздан сол шығады» деген сөзді біз жақсы білеміз дейді хунза халқы. Алайда, бұл дамыған заманда не жеп, не қойғаныңды да айыра алмайсың.

«Тамақтану үшін өмір сүрме, өмір сүру үшін тамақтан» деген ұстаным әрдайым халықтың есінде. Хунза халқы бір күнде екі мезгіл тамақтанады екен. Бұл адамдардың ұзақ өмір сүруінің бірден-бір себебі шығар. Біріншіден, таңғы астарының тойымды болатынына басты назар аударады.

Ал, екінші асын күннің батар шағында ішеді. Олар тек табиғи өнімді пайдаланады: жеміс-жидек, көкөністер, дәндер, сүт және ірімшік – хунзалықтардың күнделікті азығы. Тағамдарында химиялық элементтердің болмауын халықтың өзі қатаң қадағалайды.

Бір қызығы, хунзалықтар үшін 60 жастан кейін бала көтеру – қалыпты жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, жыл сайын адамдары міндетті түрде өрік сусынын ішіп тұрады. Ғалымдар бұндай әдістің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтқан.

Тағы да оқыңыздар:

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең кедей облыс деп танылды

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді

Қостанайда танымал дәрігер әйел кісі қолынан қаза болды

Роналду түрік сериалына түсетін ойы жоқ екенін кесіп айтты

Майк Тайсон мінген Ferrari сатылымға қойылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1415355-khunza-khalqy-120-zhyl-omir-surudinh-qupiyasy/

pixel