Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Опубликовано:

Жамбыл облысында айдың-күннің аманында өрімдей ұлдарынан айырылып, қара жамылған туыстар оқыс оқиғаның жан-жақты тексерілуін талап етіп отыр. Өйткені, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді деген сенімде деп хабарлайды КТК арнасы.

Бақилық болғандардың бірі кіші сержант Әуесбай Ерісбаев. Ол 91678 әскери бөлімінде үш жылдан бері келісім-шарт негізінде қызмет еткен. 25 жастағы азаматты әріптестері мен жақындары соңғы сапарға шығарып салды.

Ал, марқұмның әкесі Көмекбай Тәжмағанбетов әскери бөлім басшыларын атарға оқ таппай отыр. Айтуынша, баласының қазасына солар кінәлі. Өйткені ауа-райы қолайсыз кезде оқу-жаттығу ұйымдастырған. Оның үстіне қарға көмілгендерге көмек уақытылы келмепті.

"Дер кезінде көмек жеткенде мүмкін тірі қалар ма еді? Негізі кешіккен дейді. Қазір техниканың дамыған заманы ғой. Мүмкін емес. Альпинистерді де сонша метр биіктікте құтқарып жатыр ғой енді", - дейді Ерісбаевтың әкесі Көмекбай Тәжмағанбетов.

Рота командирі Әйбек Еділбаев - тірі қалған 16 әскеридің бірі. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Айтуынша, жаттығуды аяқтап әскери бөлімге қайтуға қамданған екен. Сол сәтте кенеттен қар көшкіні жүрген.

Ал өзі қашып үлгеріпті. Қар астында қалған қаруластарын құтқара алмасын білген ол, жақын маңдағы қорықшыға хабар берген.

"Басы жай келді де, аяқ жағы гүрілдеді. Тауға шығып бара жатқанда қысым қысты. Таудың, қардың қысымы қысады ғой адамды. Сегіз метрдей болады ғой қардың қалыңдығы. Соның астында он адам тірі қалды, жетеуі қаза тапты. Бәрі бір жерде екен. Айнала отырып қалған ғой бәрі", - дейді рота командирі Әйбек Еділбаев.

Қар астында қалып, қаза тапқан сол 7 әскеридің ең үлкені 28-де, кішісі 21 жаста екен.

Қайғылы жағдай өткен жұмада болған-ды. Жуалыдағы Көксай шатқалында қар көшкіні жүріп, 23 жауынгерді басып қалған. Құтқарушылар 16-сын аман алып қалып, ауруханаға жеткізді. Сегізі әлі әскери госпитальда жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең кедей облыс деп танылды

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді

Қостанайда танымал дәрігер әйел кісі қолынан қаза болды

Роналду түрік сериалына түсетін ойы жоқ екенін кесіп айтты

Майк Тайсон мінген Ferrari сатылымға қойылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1415313-zhambyl-oblysynda-qar-koshkininen-tiri/

pixel