1400087 Жәбірленуші мұның ойын екенін айтып, шағым жазудан бас тартқан | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

Шымкент полицейлер жас жігітті соққыға жығып, қорлап жатқан видеороликтің қаһармандарын анықтады деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

Видеодан кадр Отырар арнасынан алынды

Еске сала кетейік, Отырар арнасының сайтында белгісіз адамдардың жас жігітті келемеждеп жатқан видеосы пайда болған.

ОҚО ІІД-нің хабарлауынша, видеодағы оқиға 2017 жылдың 29 қаңтар күні Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Жәбірленуші автотехникалық колледждің 4 курс студенті, Сарыағаш ауданының тұрғыны екен.

"Жедел-іздестіру шараларының барысында ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері заңбұзушылық жасады деген күдікпен техникалық колледждің 2 курсының студенті, Байдібек ауданының 1999 жылғы тұрғынын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша екі жылға бостандығынан айырылған. Қазіргі уақытта Шымкенттің Абай аудандық полициясы күдіктіні қарақшылық шабуыл жасаудың үш дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр", - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар 20 жастағы жәбірленуші бұл жай ойын деп, полицияға шағым түсіруден бас тартқан.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті ата-анасының қарауында, тергеу жүріп жатыр.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Тағы оқыңыздар:

Хабарландыру арқылы жар іздеген жігітке жүздеген қыздар ұсыныс айтуда

Семейлік азамат 52 мың теңге айлығымен он төбетті бағып отыр (фото)

Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді

Ақтөбеде келінінен таяқ жеген 75 жастағы кейуана қызының үйінде тығылып отыр (фото)

Путин Алматыға не үшін келе жатыр?

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 4

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .