1386337 Көрші мемлекеттер еліміздің көмірінен бас тарта бастаған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін

Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін

Көмір. Көрнекі фото

Өйткені, қазақстандық қара отынмен жылынып келген көрші мемлекеттер еліміздің көмірінен бас тарта бастаған. Сұраныстың күрт азайып, экспорттың қысқаруын үкімет отырысында Энергетика министрі түсіндіріп берді.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Ресей Қазақстанды өз нарығынан ығыстырып, ішкі сұранысын өздері қамтуды қолға алған. Оның үстіне көрші елдегі жылу электр орталықтарының біразы газға ауысып жатқан көрінеді.

Ал, еліміз көмірді негізінен Ресейге экспорттап келгенін ескерсек, бұл кәсіпкерлердің қалтасын қағатыны анық. Сондықтан сұраныс азайғандықтан, елімізде былтыр 98 миллион тонна көмір өндірілсе, соның 26 миллион тоннасы ғана экспортқа шығарылыпты.

"Біз Ресей нарығынан мүлдем айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан қазірден көмірді басқа мемлекеттерге тасымалдау жағын қарастыру керек. Әсіресе, Еуропа мен Қытайдың нарығына кіруге ұмтылған дұрыс", - дейді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі «аңқиып» тұрған арықтарды қалай жапқанын айтып берді

Үш центнер насыбайды пойыз төбесіне жасырмақ болғандар ұсталып қалды

Қытайда жүрген Димаш Құдайбергеновтің оққағарлары бар ма? (фото)

Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстап жүруден бас тартты

Аңдамай сөйлеген депутатқа қатысты тексерістің қорытындысы жарияланды

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 14

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .