Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ әншісі қытайлықтарды аузына қаратты (видео)

Опубликовано:

Қытайда өтіп жатқан "I am singer" халықаралық байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов ерекше дауысымен қытайлықтарды таңдай қақтырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қытайдың Hunan TV арнасынан көрсетіліп жатқан байқау 14 кезеңнен тұрады екен. Бүгін алғашқы кезеңде бірінші боп өнер көрсеткен Димаш әділ қазылардың оң бағасын алып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Бұл туралы әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шаримов өзінің instagram парақшасына жариялаған.

"Сүйінші, Қазақ! Жеңіс қолда! Бірінші күнгі байқауда ұлдарыңыз Димаш Құдайберген жеңіске жетті!!! Сахнаға бір қазақ шығып мыңдаған өзге ұлт өкілдері қол шапалақтап, орындарынан тұрғанда еріксіз көзге жас алдым! Түсінген адамға бұл бір Димаштың емес, бар қазақтың жеңісі! Қазақ деген ұлтты таныды!

Қазақтың қалай əн айта алатынын əлем көрді бүгін! 2 млрд халыққа бүгін Димаш аты, Димаш арқылы Қазақ аты танылды! Димашты "Хасакіді шібән" - Қазақтың қанаты деп таныстырды байқауда! Бұл байқауда жеңу бір бөлек, қатысу мүмкіндігіне ие болудың өзі бір үлкен қиын жұмыс! Бəрі артта! Алда келесі сын!!! Ал, Бүгін біздің ауылда той! Жеңісті тойла, Қазақстан!!!", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін аспан асты елін айрықша дауысымен бағындырған танымал қазақ әншісі туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыздар:

Оқытушы: Қазақстандық мектептер мұғалім үшін тозақ

Талғат Ермегияевтің ұлы Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысты (фото)

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Сапарбаев идея ұсынбайтын ақтөбелік шенеуніктерге күйінді

Қостанай облысының тұрғыны үкіметтен уақытты ауыстыруды сұрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1383075-tanymal-qazaq-anshisi-qytaylyqtardy/

pixel