Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашуға мінген атыраулық келін енесінің бетінен бір-ақ ұрған

Опубликовано:

Атырау облысында енесіне қол көтерген келінге кешірім берілді деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Махамбет аудандық соты Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-тармағымен («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») айыпталған Таңдай ауылында тұратын 44 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.

Ол өткен жылдың 11 қарашасында асүй бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатқанда сол үйде тұратын 78 жастағы енесімен келісе алмай қалады. Арадағы ұрыс-керіс кезінде ашуға мінген келін енесінің бетінен салып қалады. Соққы алған ене жерге құлап, аудандық ауруханаға түседі.

Сот отырысында сотталушы әйел өз әрекетіне өкінетіндігін, кешірім сұрайтынын, қазіргі кезде енесімен өзара татуласқанын, медиация тәртібімен істі аяқтауға өтініш білдіретінін айтты. Енесі де келінімен татуласқанын растап, оған ешқандай талабы жоқ екенін және оны кешіргенін хабарлады.

Аудан прокурорының орынбасары Жасталап Урақовтың айтуынша, сот қос тараптың өтініштерін ескеріп, сотталушыны медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Тағы оқыңыздар:

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Қазақстандық оқушылардың сабақ кестесіне тағы бір жаңа пән қосылмақ

Алматыдағы көлік салондарының біріне әжетханаға барған қыздың жүрегі тас төбесіне шықты

Стангрит: Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер өткізуі керек

Халық банкі Qazkom-мен келісіміне қатысты мәлімдеме жасады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1382586-ashugha-mingen-atyraulyq-kelin-enesini/

pixel