Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Шайтан базарда не сатылады?

Опубликовано:

Халық арасында «Шайтан базар» аталып кеткен Алматыдағы ескі заттар сататын базардың мекен-жайы өзгергенмен, заты өзгермепті. NUR.KZ порталының тілшісі жалпақ жұртқа көптен бері таныс алматылық жайма базардың қысқы тіршілігін көріп қайтты.

Ескі базар қазір Құлжа күре жолының бойындағы сауда орталығының ауласына орын тепкен. Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейді.

Мұнда "іздегенге сұрағанның" бәрі табылады.

Жерге жайылған тауарлар сан түрлі: киім-кешек, ыдыс-аяқ, ескі тұрмыстық техника мен оның жекелеген бөлшектері, жезден жасалған легендер, кәдесыйлар мен жәдігерлер самсап тұр.

Сатушылар шайтан базардағы баға басқа базарлар мен «second hand-тан» арзан деп отыр.

Сондықтан бұл жерді киілген ескі киім мен аяқ киім іздеп қалтасы жұқа қара халық  жағалайды.

Мұндағы заттардың бәрі бірдей арзан емес. Көзге ұшыраған ең қымбат зат әзірге осы күміс  қант салатын ыдыс. Оны сатушы 250 мыңға бағалап отыр.

«Бұл қант салатын ыдыс күмістен жасалған. Өз атамның дүниесі. Бағасы сондықтан да қымбат», - дейді сатушы.

Оның айтуынша, ыдысты 1939 жылы оның атасына спорттағы жетістігі үшін берген.

Базардағы саудагерлер ескі заттарды ғаламтордағы, газеттердегі хабарландыру арқылы іздеп табатын көрінеді.

Ал, кітап саудасымен айналысып тұрған адамдардың басым бөлігі - кезінде мектепте, институттарда оқытушы болған кісілер.

Кітап сатушысы қазақ және шетел авторларының кітаптарының құндылығына қарай бағалапты.  Осы жексенбіде кітап сөресіне көбінесе шетел авторларының еңбектері тізілген.

Тарихи жәдігерге айналып бара жатқан заттарды қазақстандықтар бағаламайды. Бұл -  оқытушылықты тастап осы кәсіппен айналысып жүрген мамандығы тарихшы сатушының айтысы.

Оның айтуынша көне заттарды сонау Германия, Франция, Ресейден іздеп келетіндер бар екен.

«Ал, қазақстандықтардың ескі тұрмыстық техника, киім, аяқ-киім, ыдыс-аяқ қызықтырады», - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Мұхтар Шаханов: Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан айырылсын

Қазақстандағы ең өтімді көліктер қандай?

Таразда жантүршігерлік жол апатынан кейін жолаушы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен бір-ақ сәтте айырылып қалды

Алматылық кәсіпкер Баян Есентаевамен түскен суретін салып, желіні шулатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1377752-almatydaghy-shaytan-bazarda-ne-satylat/

pixel