Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып, бір адам қаза тапты. Қираған аймақтың көлемі 64 шаршы метрді құрады деп хабарлайды Baq.kz ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қаңтар күні сағат 03:55-те ОҚО ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілеріне алдын ала газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы хабар келіп түскен.

Сағат 04:07-де оқиға орнына бірінші болып жеке құрамында 11 адам және 2 техникасы бар жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі келіп жеткен. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйіндінің астынан 4 адам шығарылып, олардың 3-і ауруханаға жеткізілген, 1 адам ауруханаға барудан бас тартты.

Сағат 04:25-те үйіндінің астынан 2015 жылғы сәби, сағат 04:28-де оның әкесі шығарылды. 4 минуттан кейін анасының өлі денесі табылған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ОҚО ТЖ департаментінің 23 адамы және 3 техникасы, жедел-құтқару жасағының 44 адамы және 6 техникасы (оның ішінде 3 қызметтік итімен 3 кинологиялық есеп, 1 медикалық-психологиялық қызмет), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адамы және 4 техникасы, Медициналық апаттар орталығының 3 қызметкері, 16 адам және 4 техникасымен жедел медициналық қызметкерлер тартылған.

ОҚО Ішкі істер департаментінің 30 қызметкері оқиға орнында қоршау жұмыстарын қамтамасыз етіп, энергетика және газ шаруашылығы қызметінің 4 қызметкері электр қуатын және газды ажырату жұмыстарын жүргізді.

 Тағы оқыңыздар:

 Ыстамбұлдың түнгі клубына шабуыл жасаған Өзбекстан тумасы екені анықталды

«Союзмультфильм» әйгілі мультфильмдерінің жалғасын түсірмек

8 жасар жыршы қыз елбасынан сыйлыққа домбыра алды

Өскеменнің тұрғындары қала әкімін танымай қалды

Қазақстан ХҚКО-тары 8 қаңтарда жұмыс істейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1369309-oqo-da-2-qabatty-turghyn-uy-opyrylyp-bir/

pixel