Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті (фото)

Опубликовано:

1 қаңтар күні Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеген.

"1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені жайлы хабар келді", - дейді төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланған.

Иманқұловтың айтуынша, қазіргі сәтте 4 адам құтқарылып, оның 2-еуі - балалар. Сондай-ақ, 2 адамның мәйіті табылды. Олар - үйдің бір бөлігі құлаған кезде қаза тапқан.

Мәліметтер бойынша үйіндінің астында қалып қойған тұрғындар бар.

Қазір құтқарушылар үйіндіні аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 70 адам мен 16 техника жұмылдырылды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

25-тегі келін айлығын түгел сыпырып, 200 теңгемен қалдыратын енесіне ренжулі

Назарбаев павлодарлық бүлдіршіннің арманын орындады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады

Ыстамбұлда Cанта Клаус костюмін киген қаскөй 35 адамды атып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1364705-qaraghandy-oblysynda-kopqabatty-uydi/

pixel