1360337 Сарапшылар төл ақшамыздың тағдырына қатысты өз болжамдарымен бөлісті | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

2017-ші жылы теңге бағамы қандай болады?

 Төл ақшамыздың тағдырына қатысты өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар алда қаржы нарығында «бозторғай жұмыртқалаған» заман орнайды деп отыр.

2017-ші жылы теңге бағамы қандай болады?

Теңге көрнекі фото

Ал қор биржасында қазір үстемдік орнатып тұрған доллар, керісінше, әлсірей түседі екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұны сарапшылар соңғы айларда айтарлықтай көтерілген мұнай бағасымен байланыстырды. Егер осы өсім жалғаса беретін болса, келер жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 300-ге дейін төмендеуі мүмкін.

Десе де, бұл ретте сарапшылардың пікірі қақ бөлінген. Мәселен, қаржыгер-экономист Айдархан Құсайынов теңгенің нығаюына ешқандай себеп көрмей отыр. Айтуынша, азаматтардың ай сайынғы табысы айтарлықтай азайған.

Ал азық-түлік пен киім-кешек, күнделікті тұтынатын тауар, керісінше, өсуде. Отандық өндіріс болса, құны аспандаған шетелдік тауардың орнын әзірге жаба алар емес.

Сол себепті, 2017 жылы теңге бүгінгі бағамын ешқайда бұрмайды дейді.

"Долларға қатысты теңге бағамы 330-350 аралығында болады деп есептеймін. Валютамыз әлі ұзақ уақыт осы деңгейде болады. Теңгенің құны келесі жылы көтеріле қояды деп айту қиын, өйткені өндіріс қуаты тым әлсіз. Халықты отандық тауармен толық қамти алмай жатырмыз", - дейді экономист Айдархан Құсайынов.

Тағы оқыңыздар:

Нигерияда өз-өзін жарып жібермек болған әйелді халық ұрып өлтірді

Обама: Президенттік сайлауда Трампты жеңер едім

Үндістанда қайырымды жан бір мезетте үйленген 236 жұптың тойын жасап берді

Головкин «Жылдың үздік боксшысы» атағынан құр қалды

Науқас балаларға жеміс-жидек таратқан жас жігіт желіде жұлдыз болды (фото)

Дереккөз: КТК арнасы
Мақалада: Курс Валют

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 3

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .