Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмеде аузын тігіп, қарнын тескен ақтаулықтар бостандықтағы өмірдің қиындығын айтты (фото)

Опубликовано:

Ақтау қаласының тұрғындары NUR.KZ порталынан көмек сұрайды. Олар «көмекті президенттен сұраңдар» деп шығарып салған билік партиясына да өкпелі.

«Түрмеде 13 жыл 7 ай отырып, мамыр айында бостандыққа шықтым. Түрмеде отырғанымда 4 жыл жалақымен жұмыс істедім. Бостандыққа шыққаныммен жұмыс жоқ. Жұмыспен қамту мекемесі бізді тек тіркеп қана отыр. Мен өмір сүруім үшін қайтадан түрмеге түсуім керек пе? Қазір ағамның қолында тұрып жатырмын. Еш жер мені жұмысқа алмайды. «Нұр Отан» партиясына бардық. «Президентке хат жазыңдар», - деп шығарып салды. Бұл не сұмдық?», - дейді Қайрат Куртегулов.

Жастық шағы темір тордың ішінде өткенін айтқан азамат қарапайым өмірге бейімделе алмай жүргенін айтады.

«Жасым 34-те, ажырасқанмын. Түрмеге 20 жасымда түстім. Жаспыз, төбелесіп жүріп адам өлтіріп алдық. Бәрін мойныма алып кеттім. Адам өлтіремін деп ойлаған жоқпын. 35-ке қарағанымда бостандық алдым. Мына жақтағы өмірім түрмеден жаман болып кетті», - дейді Қайрат Куртегулов.

Түрмеден шығып жұмыс іздеп жүрген ол жалғыз емес. Айтуынша, Ақтауда түрмеден шығып, жұмыс таппай жүрген адамдар саны жүздің үстінде.

«Түрмеден шыққаныма 6 ай болды, жұмысқа тұра алмай жүрмін. Жұмыспен қамту орталығына барсам, сенің мамаңның зейнетақысы бар дейді. Шешемнің алатын 50 мың теңгесін екіге бөледі. Күйінемін, 40 жасқа келгенімде шешемді асыраудың орнына соның зейнетақысына ортақтасып отырмын. Түрмеден шыққандар полицияға барып тіркелеміз. ІІД-ге барған кезде жұмыс таппай жүрген 100-дің үстіндегі сотталушыларды көреміз», - дейді Нұрлан Елтаев.

Олар президент сөзінің орындалмай жатқанын айтты.

«Жергілікті биліктің бізде шаруасы жоқ. Теледидардан Назарбаевтың айтуының кемі жоқ. Жұмысқа кіргізу керек, қайта сотталып кетеді деп зар қақсап жатыр. Құзырлы мекемелердің бізді бір-біріне салпақтатып қойғаннан басқа көмегі жоқ. Біз не істейміз, қайта түрмеге отыруымыз керек пе? 40 жасқа келдім, балама алимент те төлей алмай отырмын. Сауатым да жоқ, тек мектеп бітірдім. Ақтаудағы «Нұр Отан» партиясының филиалына да бардым. Олар біз ештеңе істей алмаймыз, Назарбаевқа хат жаз дейді. Өздері жұмсақ орындықта отырып, шуба киіп жүр. Бізде шаруасы жоқ», - дейді ол.

Өзін Нұрлан Елтаев деп таныстырған азамат түрмеде бес жылын өткізген. Ол түрмеде аузын не үшін тіккенін айтып берді.

«Түрмеде 4 жыл 5 ай отырдым. Мені есірткі саудасы деп ұстатып жіберді. Ондайға қатысым болмаған еді. Түрмеде отырып әділдік іздеп ине жіппен ауызыма дейін тігіп тастадым. Қарнымды кестім, қолымды тілдім өзімнің жазықсыз екенімді дәлелдей алмадым. Зонадан барлық денсаулығымды құртып келіп отырмын. Онда «қызыл», «қара» зона деген түсінік бар. Ол жақта крутой деген ұғым жоқ, бәрі бірдей. Тыңдамай, ренжіп жүргендерді «гаремге» кіргізеді. Менің ол жаққа барғын келмейді. Адам сияқты өмір сүргім келеді. Прокуратураның алдына барып жанып кеткен әйелдің жағдайына таң қалмаймын. Әділдік іздеп бәріміз өртене береміз бе, бізді тыңдайтын ешкім жоқ па?», - дейді Нұрлан Елтаев.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғындары жаппай емі жоқ ауыр дертке шалдығып жатыр (фото)

Атырауда аз қамтылған отбасылар депутаттардан 25 мың теңге сыйақы алды

Бозымбаев жыл соңына дейін бензин бағасын өсірмеймін деп уәде берді

Ахметжан Есімовтің көзбояушылығы Алматы тұрғындарын әбігерге салды

Қытайлықтар Головкин атап кеткен қазақ баласы 12-ші жеңісіне қол жеткізді (фото)

Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей кортының шатыры опырылып қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1353819-turmede-auzyn-tigip-qarnyn-tesken-aqt/

pixel