1348815 NUR.KZ халқымыздың егемен ел болуда басынан өткізген қиын-қыстау күндерін тізбектейді | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

16 желтоқсан - тәуелсіздік күні. Осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото yk.kz

Азаттықтың ақ таңына жеткенше қанша қазақ құрбан болды? Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай ауыртпашылықтарға тап болды, бүгінгі күнге қалай қол жетті? Бүгін NUR.KZ порталы қазақ халқының егемен ел болуда басынан өткізген қиын-қыстау күндерін тізбелейді.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Көрнекі сурет. Фото: bilim-all.kz

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлдеқайда көп болды.

Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша, Жоңғария қалмақтары қазақтарды әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып, Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі, Нұра өңірін қанға батырып, тоқтаусыз Іледен өтіп, Шелек өзені, Есік көлі, Шу өңірін таптап, қарудың күшімен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды.

Ресейдің отары болған қазақтардың жағдайы  

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Көрнекі сурет. Фото: vk.com

Ресей империясының қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт - дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты. Патша үкіметінің орталық саясатының барлық кезеңдерінде қазақ жері талан - таражға түсті. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Ал олардың шұрайлы жайылымдары мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға бөлініп берілген.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Көрнекі сурет. Фото: vk.com

Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты қоныстандыру саясатынан асып түспесе, кем болмады.

Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Мақсаты жергілікті халықтың сауатын ашу емес орыс тілін насихаттау, Ресей империясын, тарихын құрметтеп үлгі тұту, салт - дәстүрімен әдет - ғұрыптарын насихаттау болды. Оқу - ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды.

Ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге қатысқан қазақтардың күйзелісі

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: кazgazeta.kz

Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі отарлық жағдай қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресіне қозғау салды. ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстар болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістер маңызды орын алды.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: egemen.kz

1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі ошақтары Торғай мен Жетісу өңірінде болды.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов жетекшілік еткен ұлт зиялылары жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа басқаша сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, мемлекеттік дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игерді. Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды.

Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы ашаршылық зұлматы

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: yvision.kz

Кеңестiк билiк тұсында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны орын алды. Әрине, ең қасіретті нәубет өткен ғасырдың 30-шы жылдары болды. Тарихта «Ұлы жұт» деген атпен белгілі ашаршылық жылдары қазақ халқы жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да естен шығармау қажет. Тарихшы Манаш Қозыбаев осы аштық туралы: «1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ пайызы орныққан еді, дені ауылдарда болатын», - деп жазады.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: yvision.kz

Тарихшы Талас Омарбеков Қазақстандағы  бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуі себеп деп тұжырымдайды.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық - Қазақстан тарихындағы ең зұлмат кезең. «Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, кеңестік үкімет байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды. Бұл саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүзеге асты.

Қолдан жасалған ашаршылықтан елімізде қазақтардың үштен бірі ғана аман қалды.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: "Анаға апарар жол" фильмінен стопкадр

1992 жылы осы мәселені Қазақстанның жоғарғы кеңесі төралқасының комиссиясы арнайы тексерген.

«Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 миллион 200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 48 пайызынан айрылды», - деген тұжырымдама жасады. Кейбір зерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Сәбилердің бейіті. Павлодар облысы, 1931 жыл. Фото: yvision.kz

Мал-мүлкінен айырылған бір жарым миллионнан астам қазақ ашаршылыққа ұшырап республикадан тысқары жерлерге босып кетті. Олар Қытай, Монғолия, Орталық Азияға, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге үдере көшуге мәжбүр болды.

Қазақ «Ақтабан шұбырынды» мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де дәл мұндай қырғынға ұшырап көрмепті.

Саяси қуғын-сүргін

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: alashainasy.kz

Қазақ халқы, әсіресе оның зиялы қауымы мен партия басшылығы қызметіндегі белсенді азаматтар 1926–1930 жылдардағы қудалауға ұшырады. 1937–1938 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды. Саяси репрессияның толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен зиялы қауым өкілдері еді.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: istpamyat.ru

Олардың құрамында Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеевтер халық жаулары болып дүниеден өтті.

1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы”  атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп жазады. Қалай десек те, қасіреттің көлемі зор және ол КСРО құрамындағы Қазақстан сияқты отар елге үлкен соққы болып тиді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрбан болған қазақтар  

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: fishki.net

Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікір бар. «National digital history of Kazakhstan» интернет порталының хабарлауынша, соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: fishki.net

Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.

Желтоқсан оқиғасы

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: azattyq.com

Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылығы – азаттыққа ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға. Әлі күнге дейін бұл оқиғаның құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Желтоқсан оқиғасы кезінде оған қатысқандарды саяси тұрғыдан ашық қуғынға түсірді. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Дүрбелеңге қатысқан жастар соққының астында қалып, изоляторларда отырды, жұмыстан, партиядан, комсомолдан қуылды.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Фото: azh.kz

«Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша желтоқсан оқиғасында жарақат алып ауруханаларға түскен адамдардың саны 83. Олардың 82-сі қазақ, біреуі башқұрт азаматы. Олар №2, №4, №5 қалалық клиникалық, денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас басқармасының Орталық жедел дәрігерлік жәрдем беру, орталық қалалық клиникалық, Алматы облыстық ауруханаларына, хирургия институтына жатқызылды. Қақтығыс кезінде 44 адам бас сүйегі мен миына жарақат алған. 286 адамға ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар», - дейді «Желтоқсан ызғары» кітабында жазушы Тоқтар Бейісқұлов.

Міне, осындай небір зобалаң заманды бастан кешкен қазақ халқы осы күнге де жетті. NUR.KZ порталы өз оқырмандарын бүкіл қазақ елі үшін мәні терең мерейтой – Тәуелсіздікдің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!

Материал интернеттегі ашық ақпарат көздерінің көмегімен дайындалды

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Таиландта демалыста жүрген қазақстандық турист қаза болды

Қостанайлық келіншектің несиеге алған iPhone-ны жарылып кетті

Төреғали желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты жауап берді

Ұлын бір айда үш медаль алды деп мақтаған Қайраттың анасы сынның астында қалды

 

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар


Пікірлер 24

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .