Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанға ұқсағысы келген танымал әйел түрмеден бір-ақ шықты

Опубликовано:

Бет-әлпетін адам танымастай өзгертіп, әлемге танылған  71 жастағы Джослин Вильденштейн 49 жастағы сүйіктісі Ллойд Клейнаға шабуыл жасағаны үшін тұтқындалды деп хабарлайды Dayli Mail-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғашықтардың Манхэттенде орналасқан Трамп-уорлд-тауэрдегі үйінде жанжал шығып, сүйіктісінен қорыққан жігітті полиция арашалап қалды. Жанжалдың шығуына, Ллойд Клейннің әлеуметтік желіде тым көп отыруы себеп болған. Миллиардер әйелге сүйіктісінің желіде көп отыратыны ұнамай қалып, ол Клейнге пышақ алып жүгірген.

Мына сурет Джослин тұтқындалғаннан кейін полиция бөлімшесінде түсірліген.

Ал мына суретте сүйіктісі Клейннің бетін тырнап тастаған.

Джослиннің ашуланғаны сонша тіпті, сүйіктісіне қайшы түйреп өлтірмекші болған.

Ашуға булыққан әйелінен зорға қашып құтылған модельер бір бөлмеге тығылып, сол жерде полицияны күткен.

Әзірге Ллойд Клейн сүйіктісіне қарсы сотқа шағымданама, ол жағы әлі белгісіз.

Себебі олардың қарым-қатынасы 13 жылға созылған.

Олардың арасындағы махаббат 2003 жылы басталған.

Арыстанға ұқсағысы келіп, бет әлпетін өзгерткен әйел бұрынғы күйеуінен 1999 жылы ажырасып кеткен болатын.

Ол кезде әйел сотта жеңіп шығып, бұрынғы миллиардер күйеуінен 2,5 млрд доллар өндіріп алған. Сонымен қатар сот Алек Вильденштейнге әйеліне 13 жыл бойы жыл сайын 100 млн доллар төлеп тұруды міндеттеген.

Пластикалық ота жасатқанға дейін, Джоселиннің бет әлпеті тартымды болатын.

Алайда әйел миллиардер күйеуін ұстап қалу үшін барын салады. Арыстанға ұқсаймын деп түрлі ота жасатты. Себебі оның миллиардер күйеуі мысық тектес жыртқыштарды қатты жақсы көретін болған.

Алайда миллиардер Алек Вильденштейн әйелін тастап, бәрібір ресейлік модель Любу Ступаковамен көңіл қосады.

Фото: fishki.net порталынан алынды

Тағы оқыңыздар:

Тағы бір аруға сүйіктісі "Қазақстан аруы-2016" байқауында тосынсый жасады (фото, видео)

Ыстамбұлда жойқын жарылыс болып, 30-ға жуық адам көз жұмды (фото)

Тоқсаннан асқан қария: Ұзақ өмір сүрудің сыры - намаз оқуда

Сот Ақтөбедегі теракт туралы бұрын айтылмаған тың деректерді жариялады (видео)

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1344344-arystangha-uqsaghysy-kelgen-tanymal-ay/

pixel