Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Опубликовано:

Танымал қазақ журналисі, сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болып, әке атанғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында айтты.

"Адамнан жасырғаныңмен, Алладан жасыра алмайсың. Бұл құпия дүние емес, тіптен той жасау керек. Мұндайда біздің қариялар "құдайдың бергені" деп бөркін аспанға лақтыратын"- деді ол.

"Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым. Қуаныш деген ұлым, Сағыныш атты қызым бар. Балаларымның шешесі бөлек болғанымен, әкесі бір. Екі бауырдың арасы бір болсын, ұйқасып тұрсын деп сәбидің есімін - Жұбаныш қойдым. Келіншегімнің ұлды болатынын түсімде көргенмін. "Сары бала туасың" деп айтқанмын, солай болды", - деген сықақшы өзінің сүт кенжесіне деген сезімі ерекше екенін айтты.

""Немере тәтті болады" деген сөзді жастайымыздан естіп өстік. Құдайдың берген ұлы мен қызын жас кезімізден мәпеледік. Ол уақыт өзінше бір тәтті болды. Бірақ оларды қалай иіскегенім, қалай жақсы көргенім есімде жоқ. Енді немере сүйген жасыңда, онымен қоса өзің ұлды болып жатқан кезіңде мына құлыншағың немереден де тәтті болады екен.

Бұл ұлға деген сағыныш тіптен бөлек. Жанынан айнып бір елі шыққым келмейді. Тұқым қуалап, құдай ғұмыр берсе, мен әлі жиырма жыл өмір сүретін сияқтымын. Ұлтымның және ұлымның болашағын қатар көргім келеді", -деді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған (фото)

Алматы облысында жалғызбасты ана 4 баласымен өлместің күнін кешуде (фото)

Шығыста жолаушыға лық толы автобус төңкеріліп қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1341183-tanymal-syqaqshy-kopen-amirbek-65-zhasynd/

pixel