1339324 Елімізде қандай алпауыт компаниялар сатылымға шығады? | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын ашып айтты

«Самұрық-Қазына» қоры өз құрамындағы «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта» компанияларының акцияларын сатылымға шығармақ деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын ашып айтты

Өмірзақ Шөкеев. Фото: egemen.kz

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, компанияның негізгі активтері IPO арқылы сатылады. Бұл шешімді мемлекет басшысы қолдады.

IPO-ға бірінші болып, «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялары шығады. «Эйр Астана» компаниясы IPO-ны нарықтың дамуына қарай, 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өткізуді жоспарлауда. Нәтижесінде компания қолында дауыс беруші акцияның 25+1 пакеті қалады. Акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторлардың қолында қалуы тиіс деген шешім шығарылды. «Қазақтелеком» компаниясы — ол қазірдің өзінде 49 пайызға жеке меншікте.

"Біз компанияны IPO-ға келесі жылдың соңында дайындауды көздеп отырмыз. «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының IPO бағдарламасы 2018 жылы өтеді деп межеленуде және оның 25 пайыз акциясы сатылады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы да 2018 жылдың басында өтеді және 25 пайыз акциясы саудаға шығады. «Самұрық-Энерго» компаниясының IPO-сы 2019 жылы қуаттылық нарығы толық күшіне енген кезде өтеді", - дейді ол.

Сатылым көлемі акцияның 25 пайызы деп қарастырылуда. Акцияның 51 пайызы саудаға шығарылуы ықтимал. «Қазпошта» IPO-ны 2019 жылы 49 пайызға дейін өткізуі мүмкін. «Қазақстан теміржолы» компаниясы жаңғыртудан кейін IPO-ны 2020 жылы өткізуді жоспарлауда. Акцияның сатылымға шығатын көлемі — 25-49 пайыз.

"Сонымен қатар біз қордың енді ғана өсіп келе жатқан активтері «Қазақ Эйр» мен «Тау-кен Самұрық» компанияларын саудаға шығарамыз", — деді ол.

Оның айтуынша, жекешелендіруге жататын қор активтерінің тізімінде 217 нысан бар, оның ірі активтер көрсетілген бірінші бөлігінде 44 нысан бар болса, екіншісінде — 173 актив бар.

«Бірінші тізімдегі 44 активтерге тоқталатын болсақ, 11 актив бойынша мемлекеттік комиссияның шешімі шығарылды», — деді Шөкеев.

Олардың қатарында ҚТЖ, ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго компанияларының — «Транстелеком», «ЕуразияЭйр», «Маңғыстау РЭК», «ШҚО РЭК», Ақтөбе ЖЭС, ТеңгізМұнай сынды активтері бар.

«Бұл нысандар ашық сатылым арқылы саудаға түседі. «Транстелеком», «ЕуразияЭйр» бойынша жақын арада хабарландыру болады. «Қазақстан теміржолы» компаниясының төрт активі — «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар-Тальго» АҚ, «KTZE — Khorgos Gateway» компаниясы тікелей «General Electric», «Альстом», «Тальго», Ляньюньгань порты сынды компанияларға сатылады. Екі нысан 2016 жылдың соңында, қалған екеуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сатылады деп жоспарлап отырмыз. Олардың сатылымынан түсетін жалпы сома — шамамен 400 млрд теңге», — деп атап өтті қор басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын енді таксиде отырып насихаттайтын болған

Гитлердің осыған дейін ешкім көрмеген суреттері жарияланды (фото)

Шешенстанда лезгинка билеп жүрген бишінің жүрегі сахнада тоқтап қалды

Қасиетті Қағбаның іші қандай? (фото)

Астаналық әйел Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберді

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 17

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .