Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғандағы мүгедек арудың жан тебірентер хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Талдықорғанда тұратын Әсел Құсайынова жантүршігерлік апатқа түскеннен кейін бір аяғынан айырылған. Бүгінде бойжеткен аяқтан тұрып кету үшін барын салуда. Алайда ел қатарлы өмір сүруі үшін қымбат ота жасатуы тиіс.

«Менің ауыртпашылыққа толы өмірім туралы айтып беруге рұқсат етіңіздер. Есімім - Әсел. Талдықорғаннанмын. Алматыда геодезист әрі картограф мамандығын үздік тәмамдап, болашаққа үлкен жоспармен үйге қайтып бара жатқан сәтім еді. Алайда Талдықорғанға барар жолда жол апатына түсіп, ол менің бүкіл өмірімді төңкеріп тастады», - дейді бойжеткен.

Жол апатынан кейін қатты бас-миы шайқалып, сол жақ саны сынған ару Талдықорған, Астана және Алматы қалаларында ем алады. Бірнеше отадан өтеді.

«2016 жылы мен амалсыз аяғымды кестіруге көндім. Одан кейін өмірім қатты ауырсынусыз, жақсара бастаған еді. Протезге тапсырыс беріп, онымен жүруді үйрене бастадым. Талдықорғандағы "Ерлік" мүгедектер қоғамына жұмысқа тұрдым», - деп есіне алды Әсел.

Алайда бойжеткеннің бұл «бақыты ұзаққа бармаған».

«Бір ай бұрын мүгедектер арбасынан құлап кетіп, аяғымның сынық бөлшегін қайта жарақаттадым. Салдарынан ол қайта іріңдей бастады. Дәрігерлер менің тек екі мүмкіндігім барын айтуда: санның түп жағын мүлде алып тастау немесе Қытайға барып, аяғымның қалған бөлшегін сақтап қалуға тырысып көру. Егер сақтау мүмкін болмаса, мен өмір бақи аяқтан тұрып кете алмаймын. Тіпті отыру мүмкіндігінен дей айырыламын», -дейді Әсел.

Бойжеткен қайырымды жандар қол ұшын созады деген үмітте.

«Сіздерден кез келген көмек келіп қалар деген үмітпен жазып отырмын. Протезбен жүруге мүмкіндік болуы үшін аяғымның сынық бөлшегін сақтап қалуым керек. Сіздердің кез келген көмектеріңізге шексіз алғыс білдіремін. Мені түсініп, жанашырлық танытасыздар деген үміттемін» - дейді Әсел.

Арудың жазбасын желі қолданушылары қызу талқылауда. Олар талай қиындықты еңсерген қазақ қызының қайсарлығына тәнті болған. Белгілі болғандай, оның отасына 150 мың доллар қажет.

«Геодезист мамандығын таңдаған қызды алғаш рет көріп тұрмын. Бұл мамандықты әдетте ер азаматтар ғана таңдайды. Бұл қайсар қызға көмек керек», - деп жазған Салтанат Коршиева есімді қолданушы.

Тағы да оқыңыздар:

"Ақтөбе" клубын украиналық маман жаттықтыратын болды

Кәмпит жегісі келген ұры дүкенге қарумен шабуылдады (фото)

Оралдың қақ ортасындағы екі қабатты үй құлағалы тұр

Алматыда пәтерлерін су басқан жұрт Байбектен көмек сұрады

140 тонна улы зат тиелген ресейлік танкердің Ақтау портына шығып кетуі экологтарды шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1336576-taldyqorghandaghy-mugedek-arudynh-zhan-t/

pixel