1304682 Евгений Ган: Өнім көп болса, нан арзандау керек деген логикаға сай келмейді | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Қазақстанда астық рекордтық мөлшерде жиналса да, нан арзандамайды

Қазақстанда биыл астық молынан жиналса да нан бағасында өзгеріс жоқ. Наубайханашылар оны ұн бағасымен байланыстырады. Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасы оны өндіру шығынымен өлшенетінін айтады деп хабарлайды Азаттық.

Қазақстанда астық рекордтық мөлшерде жиналса да, нан арзандамайды

Нан сатушыға ақша төлеп жатқан сәт. Көрнекі фото: Азаттық

Қазақстан үкіметі биыл астық жылдағыдан көп жиналғанын жиын сайын айтып келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарашаның 1-інде жариялаған жариялаған дерегі бойынша, биыл елде 23 миллион 680 мың тоннадан астам астық жиналған.

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, биылғы мол астық пен түсім нан бағасын төмендетуге әсер етпейді.

"Нан бағасы нарық коньюктурасына байланысты қалыптасады. Біздіңше, наубайханаларды шикізатпен (ұн - ред.) қамтамасыз етуде мәселе туындамайды. Баға нарықтағы жағдайға қарай қалыптасады. Нанның бағасы шикізатқа ғана емес, энергоресурс, жанар-жағармай құнына да байланысты реттеледі", - деді министр Асқар Мырзахметов Азаттыққа.

Айта кетейік, Астана дүкендерінде нан бағасы әртүрлі: бір дүкендерде 75 теңге болса, екіншілерінде 80-85 теңге. Астаналық «Столичный хлеб» наубайханасында ең көп өтетін 550 граммдық бір бөлке нан дүкеншілерге 75 теңгеден сатылады.

Қазақстанның астық өңдеуші және наубайшылар одағы төрағасы Евгений Ган да «астықтың молдығы нанның бағасына әсер етпейді» деп санайды.

"Өнім көп болса, нан арзандау керек деген логикаға сай келмейді. Бүгінгі күні біздегі нан бағасы нарықтық жолмен қалыптасып отырған жоқ. Нан бағасы әкімшілік жолмен реттеліп келеді", - деді Евгений Ган Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, «Қазіргі нан бағасы онсыз да арзан. Сондықтан нан бағасын бұдан төмен қылуға болмайды».

Қазақстан - астық экспорттайтын елдердің бірі. Ресми ақпарат бойынша, елдің 12 облысында егін егіледі. Қазақстанда егістік алқаптары ең көп өңірлер – Ақмола облысы (4 миллион 328,7 гектар), Қостанай облысы (4 миллион 215 мың гектар) және Солтүстік Қазақстан облысы (3 миллион 217,7 мың гектар).

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Дереккөз: Азаттық
Мақалада: Цена На Хлеб

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 8

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .