1300045 Боксшы: Бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Спорт

Қанат Ислам Патрик Аллотейді құлата алмаған себебін түсіндірді

Кеше жанкүйерлеріне тамаша жеңіс сыйлаған Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотейді құлата алмаған себебін ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтып берді.

Қанат Ислам Патрик Аллотейді құлата алмаған себебін түсіндірді

Бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды

Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы раундтарға дейін жұдырықтасқан кездерім болған. Алайда, дәл осындай күш жұмсап көрген жоқпын. Мүмкін, тұңғыш рет өз елімізде, өз жерімізде өткеннен болар деп ойлаймын. Себебі, бұл айқастың жауапкершілігі өте ауыр болды. Өзге елде өткен жарыс пен өз еліңдегі дода кезінде спортшыға түсетін қысым мүлде өзгеше болады екен.

Патрик Аллотейді құлата алмаған себебім...

Патрик Аллотейді құлата алмағанымның бірнеше себебі бар. Біріншіден бапкерлерімнің кеңесі солай болды. Жанкүйерлерге оның тез құлап қалғанын қызық болмайтынын ескертті. Бірақ, Патрик те бір-екі ауыр соққыға құлай салатын жігіт емес екенін көрдіңіздер. Өте әккі боксшы. Тәжірибесі де менен жоғары. Бір ғана мысал. Оның нокауттар санының өзі менің барлық жекпе-жектерімнің санынан жоғары. Осыдан-ақ, қарсыласымның қандай деңгейдегі боксшы екенін аңғаруға болады. Екіншіден, жарыстың алдында тауда жаттығып жүріп, кішкене суық тидіріп алдым. Аздап қолымды да жарақаттап алған едім. Жаттыға жүріп, ем-дом қабылдадым. Бұл да жекпе-жек барысында кері әсерін тигізді. Жарыс барысында да қолымды ауыртып алдым. Содан кейін ауыр соққылар жасауға қиындықтар болды. Үшіншіден, жарыс өз елімізде өткелі жатқандықтан жекпе-жек жақындаған сайын ұйымдастырушылар тарапынан роликке түсіру, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру және осы сияқты басқа да жұмыстары көбейіп кетті. Осындай себептерге байланысты кішкене шаршағаным жасырын емес. Бірақ ұйымдастырушылармен бірге, менің жекпе-жегім туралы жазып, ақпараттық қолдау білдірген барлық БАҚ өкілдеріне алғыстан басқа айтарым жоқ.

Жанкүйерлерім менен нокаунд күткенін жақсы сезіндім

Мен бокс кешіне осындай жанкүйер жиналады деп мүлде ойлаған жоқпын. Елбасының арқасында елімізге зәулім-зәулім спорт нысандары көптеп салынуда. Солардың бірі осы 12 мың орындық «Алматы Арена» стадионы. Рингке шыға қалғанда залда ине шаншар жер қалмағанын бірден байқадым. «Қанат, Қанат, Қанат алға!» деген дауыстан зал қабырғаларының өзі шытынап кететіндей сезілді маған. Осындай қолдауды сезінбегелі, осындай айғайды естімегелі де біраз болып қалған. Жанкүйерлеріме шексіз риза болдым. Көрермендер Алматыдан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. Тіпті, өзге елден де келген жанкүйерлерім бар екенін естідім. Маған халықтың осындай қошеметінен артық қымбат ештеңе жоқ. Жанкүйерлерім менен нокаунд күтті. Мен оны шаршы алаңда жұдырықтасып жүріп, жақсы сезіндім...

Ең бастысы жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым

Бұл жекпе-жек маған үлкен тәжірибе сыйлады. Мен осы жолы жұдырықтаса жүріп, өзімнің кейбір осал тұстарымды байқадым. Қай жерде қандай қателіктерге бой алдырғанымды жақсы түсіндім. Қарсыласымның менен артық тұстарын да көре білдім. Еш уақытта қарсыластың оңайы болмайтынын жақсы сезіндім. Алдағы уақытта бапкерлерім мен спорт мамандары қателіктерімді көрсетіп, артықшылықтарымды айта жатар. Ең бастысы, жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым.

Еске сала кетейік, 29 қазанда "Алматы-Арена" кешенінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы Қанат Ислам қарсыласы ганалық Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Дереккөз: ИА "Казинформ"

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 83

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .