1281068 Еліміздегі ауқатты азаматтар табысын доллар және еуромен сақтап отыр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Қазақстандағы байлардың шетелде қанша қаржы сақтап отырғаны белгілі болды

Елбасы азаматтарға шет елде сақтаған қаржыларын ел игілігіне жұмсау бойынша тапсырма берген болатын. Соның негізінде "Мүлікті жария ету" науқаны жүріп жатқаны белгілі.

Қазақстандағы байлардың шетелде қанша қаржы сақтап отырғаны белгілі болды

Көрнекі сурет. Фото: topnews.kg

Ал дүйсенбі күні өткен үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов еліміздің қанша азаматы өзге мемлекеттерде қанша қаржы сақтап отырғандығы туралы айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Бас қаржыгердің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда Қазақстанның 712 азаматы шетелдік банктерде 52 түрлі валютамен өз тапқан табыстарын сақтап отыр.

«Ең көп таралған валюталарға тоқталсақ, 240 азамат табысын 517 млн доллармен, 237 азамат 30 млн еуромен, ал 123 адам 23 млн фунт стерлингпен сақтайды. Олар Салық кодексінің нормаларын сақтап, «тыныш ұйықтайтындар», — дейді министр.

Оның сөзінше, жалпыхалықтық жариялау бақылау процесін ретке келтірудегі бір кезең ғана.

«2020 жылға дейін мемлекеттік органдардың мәліметтер базасын синхрондау және ақпараттық жүйелердің шашыраңқылығын жою деген жоспар орындалу қажет. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың шетелдегі қаржысы мен мүлкін бақылауға алатын механизмдеріміз бар. Айта кетейін, Салық кодексінің шетелдік капиталды жариялау деген нормасын ешкім кері шегерген жоқ», — деді Бақыт Сұлтанов.

Осы орайда ескертетін бір жай, 2017 жылдан бастап Салық кодексінің шетелдегі табысын міндетті түрде жариялау деген нормасы күшіне енеді.

 

Тағы да оқыңыздар:

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай?

Оралдық шенеуніктің ұлы қымбат Mercedes үшін бір тиын салық төлмеген

Асхат Тарғынның сөйлесіп жүрген қызын құда баласы алып қашып кеткен

Отандық зілтемірші күтпеген жерден Олимпиаданың жүлдегері атанды

Павлодарлық әйел АҚШ-та оқып келген қызы үшін 1 млн қалыңмал сұрап отыр

Дереккөз: BAQ.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 7

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .