1272332 Елбасы ресейлік кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін айтты | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Назарбаев: Ресей бизнесіне өз үйіндегідей жағдай жасаймыз

Астанада Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумы аясында өтiп жатқан бизнес-форумда президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлiк кәсiпкерлерге ел экономикасын әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту үшiн қолға алынған iс-шараларды айтып бердi.

Назарбаев: Ресей бизнесіне өз үйіндегідей жағдай жасаймыз

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

«Қазақстан экономикасын әртараптандырып, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында қарқынды жұмыс жасап жатыр. Елдiң экономикасына тартылған тiкелей шетелдiк инвестиция көлемi соңғы 15 жылда 260 млрд АҚШ долларын құрады. Осы қаражат есебiнен экономикада жақсы өсiм болды. Дүниежүзiлiк банктiң бизнестi жүргiзудегi жеңiлдiк бойынша Қазақстан 41-шi орында тұр. Бiз экономиканы модернизациялауды жалғастырып жатырмыз», - деп атап өттi президент.

Бұдан бөлек, президент өз сөзiнде биылғы жылы ЕАЭО-ның жаңа кедендiк кодексiн әзiрлеу аяқталатынын атап өттi.

«Ол бiздiң елдер арасындағы барлық кедендiк рәсiмдердi айтарлықтай жеңiлдетедi. Бiрыңғай көлiк кеңiстiгiн кезең-кезеңiмен құру бойынша келiсiмге келдiк», - дедi елбасы.

Сондай-ақ, өндiрушiлер мен инвесторлар үшiн мақсатты түрде ортақ ережелер жасалып жатыр.

«Қазақстан экономикасына қаражат салған ресейлiк бизнес өз үйiндегiдей жағдайда болады деп айтуға болады. Бiз мұны қамтамасыз етемiз», - дедi Назарбаев.

Қазiргi кезде Қазақстанда ресейлiктердiң қатысуымен 6453 компания жұмыс iстеп жатыр. Олар мұнай мен газ өндiру, өңдеу өнеркәсiбi, көлiк, байланыс, машина жасау, ғарыш, атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану сияқты салаларда ашылған.

Ресей Қазақстанның ең iрi сауда әрiптесi болып табылады. Көршiлес елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 14,57 млрд АҚШ долларын құрады, оның iшiнде экспорт - 4,34 млрд, импорт - 10,23 млрд АҚШ доллары.

Тағы оқыңыздар:

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Шымкентте 12 адамның қазасына кінәлі полицейлер қызметінен қуылып жатыр

175 мың долларлық той көйлегімен шыққан қалыңдық желіні жарды (фото, видео)

Ресейлік боксшы: Қанат Исламның уақыты әлі келген жоқ

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Дереккөз: BAQ.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 19

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .