1266490 Вице-министр: Шетелдіктерге көп жер бердік деп уайымдаудың қажеті жоқ | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Қазақстанда 12 шетелдік азамат пен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания  Нұрсұлтан Назарбаевтың жер туралы мораторийінен бұрын, Қазақстанның жерлерін жалға алып үлгерген.

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Ерлан Нысанбаев. Фото: ortcom.kz

Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

«Мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді жалға беруге мораторий жариялағанын білесіздер. Сондықтан, 2021 жылға дейін бұл тақырып (шет ел азаматтарына Қазақстан жерінің жалға беру -агенттік) жабық. Мораторийге дейін жерді жалға алып үлгерген азаматтар жұмысын істей береді. Заң кері жұмыс істемейді ғой»,- деді Ерлан Нысанбаев.

Жалпы, Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығына арналған 100 835 400 гектар жер бар екен. Мораторийге дейін 12 шетелдік тұлға мен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания 31 мыңнан аса гектар жерді жалға алып үлгерген екен.

«Қазір Қазақстан бойынша жерді жалға алған 12 шетелдік тұлға бар. Олар 31.3 мың гектар жерді жалға алып отыр. Жалпы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 100 835 400 гектар жер бар. Яғни, шетелдіктерге 0,03 пайыз гектар беріліп отыр. Бұл өте аз көрсеткіш. Шетелдіктердің үлесі бар 7 компания жұмыс істейді. Олар 80 мың гектар жерді пайдаланып отыр. Сондықтан, шетелдіктерге көп жерімізді беріп қойдық деп уайымдаудың қажеті жоқ», - деді Нысанбаев.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Ресеймен ара-қатынасын үзетіндігін қатаң ескертті

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Қазақстанда Әлия Назарбаеваны жылатқан фильм түсірілді

Арнайы жасақ Ақтөбе халқын тағы бір дүрліктірді (фото)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

 

Дереккөз: ИА "Казинформ"

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 44

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .