Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Опубликовано:

Соңғы уақытта дастархан басында «көп әйел алу» тақырыбы жиі айтылып жүр. Біреулер «неге біздің елде осы құбылысты заңдастырмасқа?» десе, кейбірі «арнайы заң қабылдау арқылы мәселені одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін» дейді.

Теоретиктер осының шешімін таппай дал болып жүргенде, кей ағалар іс жүзінде екінші рет отбасын құрып, оның үстіне үшінші, төртіншісін топырлатып жатқан жайы бар. NUR.KZ порталы еліміздегі танымал адамдардың тоқалдарын назарларыңызға ұсынады.

Айнұр Исина

Қазақстандағы атышулы тоқалдардың бірі - сотталып кеткен бір кездегі астаналық бай бизнесмен Қайрат Жамалиевтің екінші әйелі. Ең алғаш 2008 жылы "Астана аруы" (Мисс Астана) байқауынан кейін жұрт назарына ілікті. Сол жылы "Қазақстан аруы-2008" байқауында бағын сынап, "I вице-мисс" атағына ие болған еді. Қазір 6-жасар ұлын тәрбиелеп отыр.

Дина Нұралиева

"Сыра патшасы" болған Тоқтар Төлешовтің тоқалы. Ол "Қазақстан аруы-2005" атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы "Әлем аруы" байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген. Дина - "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар.

Мақпал Жүнісова

Халқының, жан жарының да еркесі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің екінші жары болғанын бүкіл халық біледі. Бірақ оның жеке өмірінің осы тұсы оның халық алдындағы беделін түсірді деп айта алмаймыз.

Ләйлә Сұлтанқызы

Отбасылы адаммен көңіл қосқанын жасырмаған Ләйлә Сұлтанқызы бүгінде көптеген қыз-келіншіктерге өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісу үшін кітап та шығарды. Өмірдің түрлі сұрақтарына жауап іздеген жандарға ол өзіндік кеңес беріп, оларға жөн сілтеуге тырысып бағып жүр. Өзінің авторлық «Әйел бақыты» бағдарламасы да дәл осы әйелдердің тағдырына ықпал ету мақсатымен ашылған. Ләйлә Сұлтанқызы белгілі кәсіпкер, "Оқжетпес" шипажайының президенті Қайрат Беркінбаевтың әйелі.

Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын 2013 жылы "Сырласу" бағдарламасына келіп, бірінші күйеуімен ажырасқанын, қазіргі жолдасымен бақытты ғұмыр кешіп отырғанын айтқан болатын. Ел арасында Тұрсынбаева таэквондо федерациясының бұрынғы президенті Шамсат Исабековке тұрмысқа шықты деген ақпар бар. Ақын өзінің жеке өмірі туралы көп айта бермейді.

Сандуғаш Стамғазиева

Сандуғаш Стамғазиеваның танымал әнші Алтынбек Қоразбаевтың екінші әйелі екені жалпақ жұртқа белгілі. Рамазан Стамғазиевтің қарындасы Сандуғаш бүгінде үлгілі ана атанған. Қазақ әйелдеріне тән қасиет бала тәрбиелеп үйде отыру болса, Сандуғаш өнерін отбасы үшін құрбан етіп, Алтынбек шаңырағын гүлдендіріп отыр.

Гүлнұр Оразымбетова

Танымал әнші, әдемі даусымен тыңдармандарды баурап алып жүрген Гүлнұр да ірі мемлекеттік қызметкердің екінші жары. Оның жары Серікбай Нұрғисаев көптеген мемлекеттік лауазымдарда басшылық қызметтер атқарған тұлға. Мәселен, Қызылорда облысы әкімінің 1-орынбасары, облыс әкімі, Қазақстан президентінің кеңесшісі, Қазақстан президентінің Алматы қаласындағы арнайы өкілі секілді ірі қызметтерді табысты атқарған. Бүгінде жұбайлар 2 бала тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Түркіменстан арзан темекінің бір қорабын 17 доллардан сатып жатыр

Үндістер Обамаға өздерінің ұлттық киімін кигізіп қойды (фото)

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1264453-otandyq-tanymal-tulghalardynh-toqalda/

pixel