1260891 Балаларының дүниеге кемтар болып келгенін білген отағасы өзге отбасына тұра қашуда | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

NUR.KZ-тің Ақтөбедегі тілшісі өңірдегі жүйке жүйесі зақымданған балаларға арналған жалғыз мектептің жағдайымен танысып қайтты.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Оған себеп те жоқ емес. Облыс прокурорлары «мүгедектердің құқы қорғалмай жатыр» деп дабыл қаққан болатын. Тексеріс кезінде облыстағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатындағы педагогтардан жалған сертификат табылған.

Арнайы мектептің қайшы мен үтік ұстаған қыздары оқытушысыз отыр

Дамуында ауытқушылығы бар арнайы мектепте балаларға көбіне қол өнер жұмыстары үйретіледі. Мектеп директорының орынбасары оқушылар отырған класстарды аралатып шықты. Орынбасар қыздардың еңбек сабағы болып жатқан кабинеттен мұғалімін таппай қалды. Қайшы қиып, киім үтіктеп отырған қыздар оқытушының қадағалауынсыз өздері жұмыс жасап жатыр. Олар ертелі-кеш осы партада отырады.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

"Балалар түске дейін сабақ оқиды, түстен кейін ұзартылған топтар бар. Біздің балалар үйге сабақ тасымайды. Бәрін іште оқимыз. Түстен кейін үйірмелер, ойын сабақтар болады. Таңертең 7:30-да автобус балаларды жинауға шығады. Сағат 8-де сабақ басталады. Бірінші сабақтан кейін балаларға таңғы ас береміз. Балалар үш мезгіл тегін тамақтанады. Кешкі сағат 5:30-да балаларды аялдамаларына дейін жеткіземіз. Ол жақтан ата-аналары қабылдап алады. Біздің негізгі мақсатымыз балаларды қоғамға үйрету", - дейді мектеп директоры Гүлжан Құдайбергенова.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Мектеп директорының орынбасары ғимаратты аралату кезінде асхана мен дәретханаға кіргізбеуге тырысты. «Асханада суретке түсіргені үшін шу шығаратын ата-аналардың балалары бар» деп ас бөлмесіне баруымызға үзілді-кесілді қарсы болды. Ал сыртынан-ақ иісі мүңкіген дәретханалардың жағдайы айтпаса да түсінікті. Мектепте бір класста 6-12 баладан оқытылады. Бір бала дәретханаға шыққасы келсе, мұғалім барлық баланы жетектеп жүруге мәжбүр.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Күрделі дертке шалдыққан балалар көп

Педагогтар ауру балалар арасында күрделі дертке шалдыққандардың көп екенін айтады.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

«1-9-сыныптар аралығындағы балаларды оқытамыз. 10-сынып оқушыларына өндірістік түрде сабақтар өтеді. Қазіргі кезде мектепте 224 бала бар. Оның ішінде 60 бала үйден оқытылады. Олар ашушаң мінезді, эпилепсиямен ауыратындар және жүре алмайтындар. Жылдан жылға балалардың диагноздары күрделеніп барады. Бұрынғыдай классикалық жеңіл түрмен ауыратын балалар жоқ. Сөйлей алмайтын, көзі көрмейтін, сал ауруына шалдыққан балалар көп», - дейді №7 арнайы мектебінің директоры Гүлжан Құдайбергенова.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Мектеп директорының айтуынша, бұрын мектепте жүйке жүйесінің жеңіл түрімен ауыратын бала саны көп болса, қазір күрделі дертке шалдыққандар көп.

«Біздің балалар ақын есі кем болса да мейірімді. Бұрын мектепте 600-ге дейін бала оқитын. Бірақ, көбінің дерті жеңіл болатын. Қазір балалар саны азайғанымен, күрделі ауру түрімен келетіндер көп», - дейді директор.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әйелі ауру бала туғанда әкесі басқа отбасына тұра қашқан

Арнайы мектепте жалғызбасты ана көп. Мектеп директоры қиын жағдайда тұрып жатқан отбасылардың бар екенін айтты. Арнайы мектепке қалада тұрғандарды ғана қабылдайтындықтан жалғызбасты аналар баласын оқыту үшін саяжайларда пәтер жағалап жүр.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

«Ата-аналар көбіне облыстан келеді. Бұл Ақтөбедегі жалғыз мектеп. Қалада тұрмаса біздің мектепке қабылдамайды. Ата-аналар балаларын осы мектепте оқыту үшін көшіп келеді. Көпшілігінің жағдайы жоқ. Саяжайлардан 15 мыңға пәтер жалдап жүргендер көп. Олардың көбісі жұмыссыз. Қалаға баласын оқытамын деп келіп, жұмыссыз, үйсіз қалып жатқандар бар», - дейді Гүлжан Құдайбергенова.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ауру бала туғаны үшін күйеулері тастап кеткен жалғызбасты аналар баласын оқыту үшін қалаға келіп, пәтер жағалап жүр.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

«Мектепте ата-анасы жоқ екі бала бар. Біздің мектепте тәрбиеленіп жатқан баланың көбі анасының қамқорлығында жүргендер. Әкелері ауыр сыртқатпен бала туылған кезде көбінде қашып кеткен. Басқа отбасыға ауысып кеткендер бар. Ауру баласы мен әйелін тастап кетіп жатқан ер адамдардың жеткілікті екенін біздің мектеп оқушыларынан көруге болады. Бізде осындай проблемалар көп», - дейді мектеп директоры.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбе қаласының өзінде мүмкіндігі шектеулі 120 бала бар. Облыстағы сан бұдан бірнеше есеге көп. Ал оларды бар болғаны екі психолог қана қарайды.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Жергілікті әкімдік бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан пандус мәселесін де шеше алмай жүр. Қалада қарапайым әлеуметтік нысандардың өзінде пандус мәселесі шешілмей тұр.

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 12

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .