1257164 Елімізде 1 миллионнан астам адам несиесін төлей алмай жүр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Отандық шенеунік несиесін қайтара алмай жүрген тұрғындарды мәдениетсіз деп атады

Қазақстанда халықтың несиелік мәдениеті төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы бүгін парламенті мәжілісінің «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті.

Отандық шенеунік несиесін қайтара алмай жүрген тұрғындарды мәдениетсіз деп атады

Көрнекі сурет. Фото: kachestvo.ru

«Бізде шамамен 5 миллион жеке тұлғада банк несиелері бар. Олардың 1 миллионында берешек 90 күннен асып кеткен. Банктердің ссудалық портфелінің 20 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. Бұл негізінен ипотека мен тұтынушылық несиелер», - дейді Смоляков.

Оның сөзіне қарағанда, жеке тұлғаларға берілген несиелердің 85 пайызы ешқандай кепілдікпен қамтамасыз етілмеген. Кепілдіктің болмауы қарызды талап етудің қиындығына байланысты.

Оның үстіне, банктерден несие алуға келген қарыз алушылардың 64 пайызы өзінің тұрғылықты жері мен қаржылық қабілеттері туралы ақпаратты жасырады. Смоляковтің пікірінше, бұл халықтың несиелік мәдениеті төмен деңгейде қалып отырғандығын білдіреді.

Айта кетейік, қазір парламент мәжілісінде Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен «коллекторлық қызмет» туралы заң жобасы талқылануда.

Тағы да оқыңыздар:

Қырғызстандық жігіт өзінің қарт әкесін зорлап тастады

Ресейлік теннисшіге орысша ұрандатқан қазақ жанкүйерлері қатты ұнап қалды

Ішкі істер министрі Павлодарда соққыға жығылған ауыл тұрғындары туралы ауыз ашқан жоқ

Әкесіне бауырын бөліп берген жігіт перзенттік парызының өтелгеніне қуанды

Сүйіктісіне су жаңа Bentley сыйлаған қалталы азамат Қазнетте қызу пікірталас тудырды

Белгілі журналист үкімет отырысында бірінен соң бірі орысша сөйлеген министрлерді сынға алды

Дереккөз: ИА "Казинформ"
Мақалада: Кредит

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 24

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .