1252898 Олар селфи үшін көліктерді әдейі өртеген | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Авто

Екі жас алау жанында селфи жасау үшін көліктерді күлге айналдырды

Ресейдің Кастрома облысындағы Никольское поселкесінің 19 жасар тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған құрбысымен бірге лаулаған алауды жанында селфи жасау үшін бірнеше рет от қойған.

Екі жас алау жанында селфи жасау үшін көліктерді күлге айналдырды

Фото: ras.kz

Бұл туралы informing.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Жастар қыркүйектің 6-сынан 7-сіне қараған түнде кенттегі үш автомобильді өртеп, тағы екеуін жандыруға әрекет еткен. Сол түнде олар елді мекенде бір көлікті айдап кетіп қалмақ болады. Бірақ оның салонына кіргендерімен, оталдыра алмайды. Сосын оны өртеуге шешім қабылдайды.

Бұдан әрі тағы бірнеше рет от қойып, сонда жанған алаудың қалқасында суретке түседі. Осыдан кейін бір велосипедті ұрлап мініп кетіп, селоның сыртында такси ұстап, Костромаға дейін барады.

Арада бір тәулік өткеннен кейін от қоюшылар қолға түсті. Олардың телефондарынан алаудың жанында тұрып түскен селфилері табылды.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 0

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .