1252494 Мұхтар Тінікеев: 24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады? | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Экономика және бизнес

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасына енгізілген ең төменгі жалақы мөлшерін сынға алды.

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Мұхтар Тінікеев. Фото exclusive.kz

Заң жобасын Қаржы және Ұлттық экономика министрлері таныстырған деп хабарлайды Астана арнасы.

Мұхтар Тінікеев 24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады деген сұрақты министрлерге төтесінен қойды.

"Ең төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге. 24 мың теңге деген не? Ең төменгі зейнетақы 28 мың дегенді түсінуге болады. Ата-анамызға көмектесеміз. Жалғызбасты қариялар тамақты аздау жейді, жастарға қарағанда. Ал 24 мың неге жетеді? Осындай мөлшерді бекіткен кезде неге сүйенесіздер? Көптеген жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін қызметшілеріне 70-100 мың теңге төлесе, оны ең төменгі жалақы мөлшерімен көрсете алады.Осы жалақыдан зейнетақы алымдары алынады. Жол ережесін бұзсаң, айыппұлы 20 мың теңге. Соны төлесе, қалған 4 мыңға қалай өмір сүреді?", - дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Мемлекеттік қарыз мөлшерін есептегенде, депутаттар сыртқы борышымыздың бірнеше есе артқанын естіп жаға ұстады. Олар қарыз министрлердің есебінде көрсетілген сандардан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтып алаңдаулы.

Өйткені статистикада көрсетілген қарыз мөлшерінде квазимемлекеттік сектор саналатын ұлттық компаниялардың борышы ескерілмеген.

"2008 жылы мемлекеттік кепілдендірілген қарыз 2,2 миллиард болса, бүгінде 32 млдр АҚШ долларынан асты. Қарызға кеткен шығындар 8 есе өсіп, білім беру және медицина сынды салалардың шығындарынан асып кетті. Мемлекеттік қарыздың күрт артуы, бюджеттің тұрақтылығына қатты әсер етеді. Әсіресе Ұлттық қор қаражатын сақтап қалуда қауіпті", - дейді  ҚР мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов.

"Қарыз бойынша өсім бар, ол кірістердің төмендеуімен және бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан халықаралық қаржы ұйымдарынан жұмсақ қарыздарды аламыз. Әзірге үкіметтің қарызы 21 пайыз, ал мемлекеттің қарызы 24 пайыз деңгейінде. Оның бір бөлігі қысқа мерзімді және Ұлттық банктің операцияларымен байланысты", - дейді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да шенеунік Жаппарқұлға 400 мың теңге тұратын көлік нөмірін сыйлап, мәрттік танытты (фото)

Құралай Нұрқаділова боянып жатқан еркектерді көріп жағасын ұстады

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Бозбала жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Төреғалидің әкесі ешкімге айтпай келін түсіріп алды (фото)

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 91

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .