Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 6 жасар қызды аяусыз зорлаған педофил қолға түсті

Опубликовано:

Ақтаулық полицейлер 6 жасар қызды зорлаған педофилді қолға түсірді. 32 жастағы азғын ойын баласын айуандықпен азаптағанын өзі де мойындаған. Оның кішкентай қызға сексуалдық қысым көрсеткенін арнайы сараптама да дәлелдепті деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал бүлдіршіннің өзі мүгедек болып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ойын баласының миы қатты шайқалған. Әлі есін білмейді. Кішкентай қыз қазір Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығын елордалық дәрігерлер күні-түні бақылауда.

Бірақ бұдан  қыздың беті бері қарайтын түрі жоқ. Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20-шы тамыз күні болған. 6 жасар қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған еді. Сөйтсе, азғын бүлдіршінді аямай, ойына келгенін істепті.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметін жеке өзі бақылайтынын айтты

Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директорына тапсырма берді

Қоқысқа кеткен миллиондар: 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау міндетті ме? (фото)

Шымкенттік ана ырымдап Жазира Жаппарқұлға сәбиін түкіртіп алды (фото, видео)

Ақтөбеде абақтыда мұсылмандарға намаз оқытпаған жігіттің бостандыққа шыққанда басы бәлеге қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1243330-aqtauda-6-zhasar-qyzdy-ayausyz-zorlaghan-p/

pixel