Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

Опубликовано:

Рио Олимпиадасында  81 келі салмақтағы боксшылар арасында финалдық бәсеке аяқталды. Бұл сында ел намысын Әділбек Ниязымбетов қорғаған болатын.

Тартысты өткен кездесуде Әділбек кубалық Хулио Сезар де ла Крузден аз ғана ұпай санымен жеңілді. Әйтсе де, екінші раундта өте белсенді болған Ниязымбетовтің бірнеше ұпайын төрешілер есепке алған жоқ.

Әділбек Ниязымбетов осымен екінші рет Олимпиада ойындарының финалына шығып, екеуінде де ұтылып қалды. Әйтсе де, Әділбекті ұтылды деуге ауыз бармайды. Қазақ боксшысы жеңіс үшін аянып қалған жоқ.

Ниязымбетов екі Олимпиаданың финалында ұтылған екінші қазақ боксшысы. Бүгінге дейін Болат Жұмаділов Атланта және Сидней Олимпиадаларының финалында жеңілген еді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Жәнібек Әлімханұлын жеңген боксшы жартылай финалда ұтылды

Данияр Елеусіновтің анасы: Ұлым жекпе-жекке шыққанда басқа бөлмеге кетіп қалдым

Алексей Ни: Ауыр атлеттерімізді сайыстан шеттету – көре алмаушылық

Жапониялық Олимпиада чемпионы өз жаттықтырушысын кілемде мойнына мінгізді (фото)

Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1225417-alynbas-qamal-niyazymbetov-kuba-bokssh/

pixel