Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем сұлтаны" атанған үндістандық жігіт қазылардың жүрегін бірден жаулап алған

Опубликовано:

Ұлыбританияда халықаралық "Әлем сұлтаны" байқауы өтті. Аталған байқауда 26 жастағы Үндістан азаматы Рохит Ханделвал жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz.

Жігітті әділқазы алқалары сайыстың басында-ақ ұнатып қалған екен. Жас жігіттің бойы – 182 см. Ол өз елінде тележүргізуші әрі модель болып жұмыс істейді.

Miss World ұйымы қаржыландыратын "Әлем сұлтаны" байқауы 1996 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Қатысушылар жүгіруден, велосипед айдап, су шаңғысымен сырғанаудан жарысады екен.

Қатысушыларға бұдан өзге де қойылатын талаптар жетерлік. Әділқазы алқалары бірінші кезекте олардың сырт келбеттеріне назар аударатын көрінеді. Аталған байқаудың жеңімпазы дәстүрге сай Лондонға көшіп келеді.

Қазақстан "Әлем сұлтаны" байқауына 2018 жылы алғаш рет қатыспақ. Еліміздің намысын алматылық Зафар Сүлейменов есімді азамат қорғайды.

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев өзін «жер сатты» деп айыптаған адамды сотқа бермекші

Алматыдағы терактіден қаза тапқан Аян Ғалиевтің отбасына пәтер берілді (фото)

Бас прокурор кадрлар туралы: Кім болса, соны алып жатырмыз

Еріктілер Еркеш Шәкеевтің ұлын экстрасенстер нұсқаған жерден де таба алмады

Астана базарына барған Исекешев пен Бишімбаевті саудагерлер құрт және қымызбен сыйлап жіберді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1198811-alem-sultany-2016-bayqauynda-undistandy/

pixel