Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: "Сыра королі" Қазақстанды басқарғысы келген

Опубликовано:

Билікті заңсыз басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешов Қазақстанның вице-президенті болуға ұмтылып, артынша мемлекетті басқарғысы келген деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлім етті.

Руслан Карасевтің айтуынша, билікті басып алу жоспарын орындау үшін Тоқтар Төлешов алдымен елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасаған. Бұл үшін Тоқтар Төлешов 2005 және 2010 жылы Қырғыз Республикасында болған жағдайды өте мұқият зерттеген. Тіпті Қырғызстанға өзі барып, керекті материалдар мен дерек-дәйектер іздеген.

«Билікке халық арасында жаппай тәртіпсіздік орнатып, халықты наразылыққа азғыру арқылы келуге болатынын түсінген ол бұл арам пиғылын Қазақстанның батысында тез жүзеге асыруға болады деген болжамға келген. Төлешов Қазақстанның батысында наразы топтар бар деп пайымдап, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелерді алға тарта отырып, наразы топтарды өз мүддесі үшін пайдаланбақ болған. Жаппай тәртіпсіздік пен әдейі ұйымдастырылған наразылық акцияларының барысында ол билікке ультиматум жасап, өзі  үшін вице-президент лауазымын енгізуді көздеген. Артынша, мемлекетті өзі басқаруды ойлаған», - деп хабарлады Руслан Карасев.

Тағы оқыңыздар:

Төлешов ісі бойынша 300-ге жуық адам куәгер ретінде жауап беріп жатыр

Қарағанды облысында «өзін өзі жарған» жігіттің көршілері оның соңғы жылы қатты өзгергенін айтады

Қызылордада жантүршігерлік күйде табылған жетім бойжеткен ішімдікке тәуелдігінен арыла алмай жүр

БАҚ: Ақтөбе облысында уаһабтар жеті жыл бойы дала жануарларын өлтіріп, жасырын жаттығып жүр

Айдос Сарым Инвестициялар және даму вице-министрінің халықтан кешірім сұрауын талап етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1185329-uqk-syra-koroli-qazaqstandy-basqarghy/

pixel