Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаеваны күйеуі көпшіліктің көзінше пышақтап кетті

Опубликовано:

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға бүгін күндіз болған. Бірнеше тұрғындардың көзінше ер адам мен әйел адам сөзге келіп қалады.  Кейін ер адам әйелді ауыр соққыға жығып, бірнеше рет пышақтаған. Оқиға жанармай құю бекетінің маңында болады.

Қансыраған әйелдің Баян Есентаева екені анықталды. Оны соққыға жыққан күйеуі - Бақытбек Есентаев болып шықты.

Алдын ала болжам бойынша, Баян Есентаеваны күйеуі кеуде тұсынан пышақтаған. Оқиға куәгерлері дереу жедел-жәрдем шақырып, қансыраған танымал тележүргізушіге алғашқы көмек көрсетті.

Медициналық мекемедегі жазбаға сәйкес, Есентаева бас-ми жарақатын алған. Сонымен қатар, көп қан жоғалтқан продюсердің мұрны сынғаны да анықталды.

Жанармай бекетінің жанында ұсталған Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Бүгінде ол аталған оқиғаға қатысты тергеуге алынған.

Қазіргі таңда танымал тележүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қасында жақындары мен туыстары бар.

Алайда, кейін Есентаева бұл жағдайдың шындыққа жанаспайтынын айтқан.

Мақала авторы - Михаил Козачков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1157041-bayan-esentaevany-kuyeui-pyshaqtap-ket/

pixel