Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалаңаштанған қазақстандықтарға қазақ қыздары "қазақша флешмобпен" жауап берді (фото)

Опубликовано:

Өзінің жалаңаштанған фотосын желіге жүктеген Әсел Баяндарованы қолдаушылар да жалаңаш фотоларын ортаға салған болатын. Алайда оларға қарсы жауап ретінде ұлттық киіммен мәдениетті фотоларын жүктегендер табылды.

"Жаңа флэшмоб - #‎қазақшафлэшмоб бастауды ұсынамын‬. Әйтепсе халық адасып кеткен секілді. Достар өздеріңнің ұлттық киімдегі фотоларыңызды ортаға салыңыздар. Қай ұлттың немесе діннің өкілі екеніңіз маңызды емес. Ең бастысы өз тарихымызды ұмытпасақ болды", - дейді Facebook қолданушысы Aisu Lu.

Желі қолданушылары бұл ұсынысты қабылдап, ұлттық киімдегі фотоларын белсенді түрде жүктеуге кірісті.

"Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет! Facebook желісіндегі арсыздыққа мен ғана қарсы емес екенімді білгеннен кейін жаным жадырап кетті. Өзім де, ұлым да желіде ұятсыз фотоларды көргенін қаламаймын. Ол үшін арнайы сайттар мен желілер бар. Балаларымыздың болашағын біз қалыптастыратынымызды ұмытпау керек", - деп қосты Aisu Lu.

Дегенмен ұлттық киімдегі фотларымен мақтанғандар бұл киімді күнде киіп жүрген жоқ деп сын айтқандар да табылды.

Ал сол арада, "эротикалық мүсінді" киіндіріп тастаған астаналық Талғат Шолтаевты еске алғандар, жалаңаштанған Баяндарованың да фотосын киіндіруге кіріскен.

Фото: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1112116-zhalanhashtanghan-qazaqstandyqtargha-qaz/

pixel