Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың дені 20-29 жаста

Опубликовано:

Астана қаласының ЖИТС орталығында аталған мекеменің мамандары мен мектеп және арнайы-орта оқу орындарының басшылары бас қосқан жиын өтті.

Бұл туралы орталықтың ақпарат бөлімінен хабарлады.

Шара барысында қоғамдағы қатерлі дерттің алдын алу, яғни, ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақты АИТВ-жұқпасынан сақтау мәселесі кеңінен талқыға түсті. Мамандардың бұлай дабыл қағуына, бұл дерттің әсіресе жастардың арасында дендеп келе жатқаны себеп болса керек. Мәселен, орталық деректеріне қарағанда, бүгінде Астана қаласында бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны мыңға жуықтаса, оның дені 20-29 жас шамасындағы азаматтарды құрап отыр. Ал соңғы жылдарда аталған дерттің құрығына ілінгендердің 70 пайызы жұқпаны жыныстық жолман жұқтырғандары дәлелденген. Сол себепті дөңгелек үстелге қатысушылар өскелең ұрпақты ерте, бейберекет жыныстық қатынастан сақ болуға шақыру ортақ міндеттері екендіктерін атап өтті.

Атап айтқанда, №6 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Қамажай Қуанышқызы қоғамдағы асқынған ауруға ұстаз ретінде ғана емес, ана ретінде де қатты алаңдайтынын баса айтты.

«АИТВ-тің жұғу жолдарын оқушыларымызға, әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларына әр тәрбие сағаты сайын айтып отыруға тырысамыз. Алайда, сол тәрбие сағатын өткізетін әр ұстаз аурудың жұғу жолдары мен оның қаншалықты қатерлі екені туралы толық, нақты ақпаратты білуі тиіс. Сондықтан педагогтармен осындай тренингтер жиі өткізіліп тұрса дұрыс болар еді», - деді ол.

Ал, дәрігерлер қазіргі уақыттағы АИТВ-инфекциясын жұқтырудың қарқыны, жұмыла жұмыс істеуді қажет ететін медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық феномендік эпидемиологиялық сипатқа ие болып отырғанын атап өтті. Жиынның соңында орталық мамандары алдағы уақытта ЖИТС-ке қарсы күресу жұмыстарын күшейтетінін, осы мақсатта білім беру мекемелеріне жиі барып тұратындықтарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1088028-astanada-aitv-infekciyasyna-shaldyqqa/

pixel