Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Опубликовано:

Осы жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Тұрғындарды 9 қалыпты демалыс күнінен (сенбі, жексенбі) бөлек, 3 мерекелік күндер күтіп тұр.

Мерекелік күндерге Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні жатады.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, осы жылы жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, мерекеге орай демалыс дүйсенбі 2 мамырға ауыстырылады.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, сенбіге түсіп тұр, сондықтан келесі жұмыс күні (10 мамыр сейсенбі) демалыс болмақ.

9 мамыр - Жеңіс күні дүйсенбіге түсіп тұр, соның арқасында қазақстандықтар 7 мамырдан бастап 10 мамырды қоса алғанда үзіліссіз 4 күн бойы демалады.

Сөйтіп, мамыр айында барлығы 12 демалыс күні бар. Атап айтқанда: 1, 2, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 21, 22, 28 және 29 мамыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1085052-mamyr-ayynda-qazaqstandyqtar-12-kun-dem/

pixel