Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ninety one тобының тарайтыны рас па?

Опубликовано:

Өзіндік стилімен жұрт арасында сынға ұшыраған Ninety one тобы "Ревю" бағдарламасына келіп, топ төңірегіндегі түрлі қауесеттердің басына нүкте қойды.

Өздерінің ешқандай көгілдір емес екенін жеткізген жігіттер "Біз - еркекпіз!" деп қысқа қайырды.

Сонымен қатар, жұрттың оларды массондар сияқты түрлі ұйымдардың мүшесі деген қауесетті де жоққа шығарды.

"Бізді түрлі қараңғы дүниелердің ішіне кірігізіп жатыр, олардың мүлдем бізге қатысы жоқ" - деп жауап берді топ рэпері Дулат Мұхаметқалиев.

Ал соңғы кездері халық арасында Ninety one тобы тарайды деген қауесет топ әншілерін қатты таңғалдырған көрінеді.

"Бізді топтан кетеді деген сөзді естіп қалдық, бұл да өтірік, біз ешқайда кетпейміз. Халық арасында "91" жайлы айтсақ қызық болады деген тенденция жүріп жатқан сияқты", - деді топ мүшелері.

Айта кетейік, бұған дейін топ продюсері Ерболат Беделхан "91" сахнада роль ойнап жүр деген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1083772-ninety-one-tobynynh-taraytyny-ras-pa/

pixel