Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында құлдыққа түскен жігіт азапты өмірі туралы баяндады

Опубликовано:

Ақтөбеде құлдықтан қашып шыққан тұрғын халықтан көмек сұрады. Мал қорадан қашып шыққан ақтөбелік тұрғын өзінің құлдыққа қалай түскенін айтып берді.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Осыған дейін қалада күзетші болып жұмыс істедім. Қысқартуға ұшырағаннан кейін жұмыссыз қалдым. Таныстарымнан орталық базар жақта бір әйел жұмыс тауып береді дегенді естіп, іздеп бардым  Әйелді тауып алып, жұмыс іздеп жүргенімді айттым. Ол  телефонмен баласын шақырып алып, мені соған ертіп жіберді. Баласы маған «ауылға барып трактор айдайсың, мал базасын салуға көмектесесің» деп ертіп алып кетті», -  дейді Ринат Омаров.

Трактор айдаймын деп барған оған жұмыс берушілері мал бақтырып қойған. Айтуынша, көнбегені үшін таяқ та жеген.

«Байғанин ауданының Миялы деген жеріне апарып, бірден малға салды. Бүгінше бағып кел дегесін шықтым. Бір күнен кейін мал баға алмайтынымды айттым. Баласы: «Бақпасаң кете бер» деп жіберіп қойды. 420 шақырымдық жолға жаяулатып шығып кеттім. Көп ұзатпай қожайындарының өзі келіп, сол жерде ұрып ұстап алып, қайтадан малға салып қойды. Оларға қарсы шығу мүмкін емес. Сондықтан ыңғайы келгенде түн ауа қашып шығып, екі тәулік жаяу жүрдім. Алтай ауылына жеткенде бейтаныс адамдар көмектесіп, қалаға мінгізіп жіберді.  Қалаға 23 наурыз күні жеттім. Бірден полицияға арыз жаздым», - дейді Ринат Омаров.

Зардап шегуші екенін айтқан тұрғын Миялы ауылында көмекке зәру тұрғындардың бар екенін айтады.

«Қазір ол жақта Оралдың бір жігіті, Ырғыз ауданынан келген бір қария, Кеңқияқ ауылының тұрғыны және Әйтеке би ауданынан келген бір жігіт,  барлығы төрт адам жұмыс істеуде. Ол жақтағылар менің полициядан көмек сұрауымды өтінді. Байғанин аудандық полиция бөлімінен еш қайыр жоқ. Олар апта сайын келіп ет, кәуәп жеп кетеді. Олар малмен бірге тұрып жатыр. Қораның ортасында кілем ілулі тұр. Бір басында түйелер жатады, екінші жағында малшылар тұрады. Тамақтары жоқ, суға тек макарон пісіріп жейді. Малшылар майдың да, еттің де дәмін көре алмайды. Қожайындар өздері жарықпен отыр, теледидарлары бар. Біз шам жағып отырдық», - дейді зардап шегуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1082972-aqtobe-oblysynda-quldyqqa-tusken-zhig/

pixel