1078168 Құрамында әнші бар "Нұр Отан" партиясы exit poll қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады | Қазақ тіліндегі бет Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас енді депутат болуы әбден мүмкін

Билік партиясы жеңісін дүркіретіп тұрып тойлап жатыр. «Нұр Отанға» мүше саяси элита мен мыңдаған жастың көңілін шоу-бизнестің өкілдері көтерді.

Қайрат Нұртас енді депутат болуы әбден мүмкін

Солардың бірі сахнаны саясатқа ауыстырғысы кеп жүрген танымал әнші Қайрат Нұртас. Оқушылар мен студенттердің кумирі енді депутат болуы әбден мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

"Астанадағы жеңімпаздар форумы Қайрат Нұртастың ән айтуымен басталды, әншінің өзі де "Нұр Отан" партиясының құрамына кіреді және де exit poll қорытындысы бойынша аталмыш партия парламент сайлауында 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Сонымен қатар Қайрат Нұртас партиялық тізімге еніп, мәжілісмен атағына ие болуы да мүмкін деп хабарлады today.kz.

Еске сала кетсек, 20 наурыз күні елімізде кезектен тыс мәжіліс сайлауы өтіп, додада «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткен еді.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар


Пікірлер 230

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .